МТРА жаңалықтары

Петропавлдықтар жылыту масымына дайындалуда

Михаил Голодников, Уәлихан көшесі 48 мекен жайының тұрғыны:

-Бұл үйде 5 жылдан бері тұрамын. Ипотекаға берілді. ПИК төрайымымыз жаңадан сайланды. Келе салып үйге қатысты біраз сұрақтарды шешуге кірісті. Жылу есептегіш құрылғыны жаңарттық. Енді 4 жылда оның ақысын төлеп бітіруісіз тиіс. Үш бөлмелі үй үшін айына 223 теңге.

Шешімін күтіп тұрған бір мәселе бар. Үйді қыс бойы жылытып тұрған бойлердің тозығы жетіпті. Оның үстіне темір құбырларды пластикке ауыстыру қажет. Ал, оны жаңалауға кететін қаржы мөлшері 2 млн 700 мың теңгеден артық. Биыл жөндемесе қыста жылусыз қалу қауіпі басым. Сондықтан тұрғындар қазірден ақшаларын жинап, мердігермен келіскен.

Юлия Андроненко, «Рахат үй» ПИК төрайымы:

 

-Алдымен жұмсалатын шығынды есептеп, қандай құрылғылар алу қажеттігін біліп алдық. Сумен жабдықтау жүйесін толық ауыстырамыз. Барлық тұрғындар ақшаны уақытында жинаса шілденің аяғына дейін ойымызды жүзеге асырмақпыз. Осылайша бірте-бірте тұрғын үйді қалыпқа келтіріп алмақпыз.

Биыл облыс орталығындағы үйлерде жалпы саны 537 жылу есептегіш құрылғысы орнатылады деп жалпарланған.

Акбопе Танирберген