МТРА жаңалықтары

Петропавлда Германиялық эксперт жергілікті оқытушыларға дәріс сабақтарын өткізуде

Қарлыға Мүкей – Саумалкөл қазақ орта мектебінің ұстазы, Айыртау ауданы:

-Тілдерді дамыту бөлімінің шақыруымен осы семинар курстарынан өтіп жатырмыз. Көп мәлімет алдық, осындай курстар көбірек болып тұрса, біз сабақ беру тәсілдерін байытып, жетерліктей пайдалы тәжірибе аламыз деген ойдамыз.

Негізінен мұндағы сабақтар үш тілде жүргізіледі. Академияға келгендер ағылшыншадан орыс тіліне еркін көшіп, тақырыты қазақ тілінде талдай алады. Қазір дәрістер еркін ой алмасу түрінде өтуде. Шетелден келген маманның үйретері де осы. Қатып қалған дәстүрлі сабақ жүргізу тәртібінен алшақтау.

Петер Йозеф Штрубен – Германиялық экперт:

-Менің сіздердің қалаларыңызға жасаған сапарымның басты мақсаты – ұстаздарға ағылшын тілін игерудің тиімді тәсілдерін үйрету. Мен өз дәріс сабақтарымда мұғалімдермен тың әдіс-тәсілдерді бөлісемін. Мәселен, курстарда теорияны тәжірибемен ұштастырып білім беремін.

40 сағат жүргізілетін курстан үйренер нәрсе көп. Осы уақыт ішінде білікті мамандардан дәріс алған жергілікті оқытушылар халықаралық деңгейдегі сертификат алып шықпақ.

Жанат Мұхамеджанов – Тілдер академиясының директоры:

-Осы семинар барысында көп әдіс-тәсілдермен таныстық. Германия елінде қолданылып жатқан ең алдыңғы қатарлы тәсілдерін алып келіп отыр. Өзінің бай және мол тәжірибесімен біздің оқытушылармен бөлісуде.

Сабақтар тек кабинет ішінде ғана емес, аулада серуен түрінде де өткізіледі. Таза ауада тәжірибе алмасу арқылы алған ақпарат әлдеқайда түсініктірек болады екен. Бұл германиялық мейманның сабақ өткізудегі сүйікті тәсілі. 12 күнге жалғасқан кезекті курс шілденің 2-де аяқталмақ.