Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында футболдан облыстық чемпионат өтті

Руслан Сәрсенбаев – БЖСМ жұмысы жөніндегі оқу-әдістемелік орталық директорының орынбасары:

-Қазір СҚО балалар футбол дамып келеді. Жиі осындай жарыстар ұйымдастырып тұрамыз. Бұл доданы ел Тәуелсіздігінің 25-жылдық меройтойына арнадық.

Кейін жасыл алаңда жарыстың алғашқы кездесуі басталды. Қазір ортада Уәлиханов және Аққайың аудандарының футболшылары күш сынасуда. Әзірге матч бір қалыпты деңгейде өтуде. Сонымен бірінші тайм 0-де 0 есебімен аяқталды. Ал, келесі ойын бөлігінде Уәлихановтік ойыншылар шабуылдарына қарқын қосып гол соқты. Осылайша тартысты кездесуде көк жейдедегі жас аяқ допшылар жеңіске жетті.

Алишер Ғалым – жарысқа қатысушы, Уәлиханов ауданы:

-Бұл жарысқа біз 3-4 ай дайындалдық. Ағайымыздың айтқан тапсырмаларын орындадық.

Петропавлда жарыс 3 күнге созылған болатын. Сайыста облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынды Уәлиханов ауданының жастары еншілесе, үздік үштікті есілдік аяқ допшылар тұйықтады. Доданың жүлдегерлері медаль, кубок және мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

 

 

Култанов Байболат