Құқық қорғау органдары

Петропавлда Есіл өзеніне кеткен 9 жастағы қызды іздеу шаралары жалғасуда

Евгений Журавлев,СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

-Ол “Огонек” саяжайында тұратын атасы мен әжесінде қонақта болған. Содан кейін атасы екеуі төменге балық аулауға түскен. Осы сәтте қыз өзенге шомылмақ болып, суға құлаған. Қызды өзеннің қатты ағысымен алып кеткен деген болжам бар.

Қызды іздестіру жұмыстарына 600 жуық адам қатысуда. Олардың қатарында құтқарушылар мен полицейлер ғана емес, еріктілерде жетерлік. 100-ден астам петропавлдық үйлерінде қол қусырып отырмай 9 жасар жеткіншекті іздеп табуға әрекет етуде.

Азат Абдрахманов, қала тұрғыны:

-Болған оқиғаны естісімен достарымызбен жиналып, көмектесуге келдік. Іздестіріп жүргендерге барымызды әкелдік. Жылы киім-кешек пен азық-түлік.

Осы 3 күннің ішінде құтқарушылар Есіл өзенінің бірнеше шақырым жерлерін қарап та шықты. Әзірше іздесіру жұмыстарынан ешқандай нәтиже жоқ.

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД құтқарушылар бөлімшесінің басшысы:

-Новокаменкадан бастап Солнечный кентіне дейін сүңгуірлер су түбін түгел тінтіп шықты. Ал, Ольшанкаға дейін өзен бетін қайықпен аралап шықтық. Қызды тапқанша іздестіру жұмыстарын жалғастырамыз.

Осы ретте құтқарушылар өңір тұрғындарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.

Евгений Журавлев, СҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

-Барлық қазақстандықтарға арнап айтқым келеді. Су қоймаларында және оның жақын маңында абай болуларын сұраймын. Рұқсат берілген жерлерде ғана шомылуға болады. Біздің қалада олар екі жерде ғана, бірі Пестрое көлі болса, бірі қалалық жағажай.

Атап айтқан жөн, жыл басынан облысымызда 8 солтүстікқазақстандық суға батып көз жұмды.

 

 

Култанов Байболат