МТРА жаңалықтары

Мамлют ауданында қоғамдық кеңестің 5-ші отырысы өтті

Төлеген Омаров – Мамлют ауданындағы қоғамдық кеңестің төрағасы:

-Бүгінгі отырыста біз жер салығы мен қоғамның әлжуаз топтарына көрсетілетін көмек жайын талқылаймыз. Соңғы сұрақ бойынша арнайы жоспар құрылған, жұмыс сол бойынша жүріп жатыр.

Ең әуелі қоғамдық кеңес мүшелері Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Владимир Артимовичтің баяндамасын тыңдады. Бүгінде аталмыш ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлжуаз топтағылар мен ардагерлерге көңіл ерекше. Өткен жылы мұнда 400-ден астам адамға сомасы 7 млн 940 мың теңге болатын көмек көрсетіліпті. Ал биыл бұл игі іске 7 млн 835 мың теңге бөлініп отыр.

Владимир Артимович – Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:

-Әлеуметтік көмек бүгінде мерекелік және атаулы күндерде көрсетіледі. Аудандық мәслихаттың бекітуімен бұл күндердің саны жетеу. Онда әлжуаз топ мүшелеріне 3-тен 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша беріледі. Сондай-ақ, ҰОС-ың ардагерлері мен мүгедектеріне жыл сайын Жеңіс күніне орай 50 АЕК көлемінде көмек көрсетіліп отырады.

Сондай-ақ, қоғамдық кеңес отырысында жер салығы жайы талқылады. Ал келесі жолғы жиында жер кодексіндегі өзгерістер мен білім саласындағы мәселелер қарастырылмақ.

 

 

 

Риат Шони