МТРА жаңалықтары

СҚО-да 12-ші “Мағжан көктемі” оқулары өтті

Ержан Ғарипов, М.Жұмабаевтың жиені:

-Мен Мағжанның ағасынан туған баламын. Ол бүгінгі тәуелсіздікті көрген жоқ. Деседе, ол кісіге көрсеткен сый құрметті, біз, үшінші ұрпақ көріп біліп жатырмыз.

Меймандар естелік суретке түсті. Кейін, бірден Сарытомар ауылының өз басына келіп, Мағжан Жұмабаев мұражайына соқты. Үш залдан тұратын шағын ғимараттың негізгі қорында 107 жәдігер сақталған. Мәселен, мына қара кереует 1929 жылдары Мағжанға тиесілі болыпты. Кейін шешесі үйдегі мүлікті ауыл тұрғындарына үлестірген екен. Осы уақытқа дейін Сартомарлық азматтардың бірі құнды жәдігерді сақтап келіп, мұражай ашалғанда әкеліп тапсырған. Мұражайда ақынның соңғы рет түскен суреті де сақталыпты. Оның осы күнге жету тарихы өте қызық.

Лениннің осы портретінің арқасында Мағжанның мына суреті бізге жеткен. Ағасы сотталып кетіп бара жатқанда әйеліне оның шаңын аптасына екі рет сүртіп отыр депті. 1935-34 жылдары түскен соңғы суреті.

Әр өңірден келген оқушылар мұның барлығын аса қызығушылықпен тамашалуда. Мынау ақынның Ташкентте 1923 жылы басылып шыққан алғашқы кітабының түп нұсқасы. Одан бөлек, Мағжанның қолмен жазған аударма жұмыстары да тұр. Бұлар жайлы оңтүстікқазақстандық Орынгүл Алмат тек кітаптан оқыпты. Бүгін естігенін көзбен көрген оқушы мұражайдың қонақтарға арналған альбомына ыстық лебізін жазып қалдырды.

Орынгүл Алмат, байқауға қатысушы. ОҚО:

-Бгін көп тың мәліметтерді көріп-білдім. Осы киелі мегенге жол түскеніне қуаныштымын. Ол әркімге бұйыра бермес бақыт.

Кейін оқушылар мұражай алдындағы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Алаңда ақынның әндері шырқалып, шараны аудан әкімі Асқар Бекманов салтанатты түрде ашып берді.

-Қазақтың таңшолпаны атанған Мағжан Жұмабаевтың туған жері Сарытомар ауылында републикалық Мағжан оқулары өтуде. Оған еліміздің 9 өңірінен 50-ден артық ұл-қыз келген. Қатысушылар үш номинация бойынша өзара бақ таластырмақ. Оқушылардың бір бөлігі Мағжан өлеңдерін жатқа оқыса, екінші жартысы ақынға ұқсап жыр жолдарын жазады. Ал үшінші топтағылар бір туар тұлғаның өмірін зерттегендер.

Шараның негізгі бөлімі ауылдың мәдениет үйінде басталды. 12-ші “Мағжан көктемі” байқауына келушілерді солтүстікқазақстандық өнерпаздар концертпен қарсы алуда. Сахна төрі бірінші кезете ақының жыр жолдарын жаттаған оқушыларға берілді.

Ақмоладан келген Рәнна Мырзахмет 97 өлең жаттапты. Қазылар алқасы тақырыптарды жиі ауыстырып, оқушының зеректігін тексеруде. Бірақ, Рәнна кей жолдарды есіне түсіре алмады.

Рәнна Мырзахмет, байқауға қатысушы, Ақмола облысы:

-Бірінші болып шыққандықтан ба, қобалжыдым, қазылар алқасы қайта-қайта шатастырып сұрай берді. Оралды, айда атыңды Сәрсенбайды ұмытып қалдым.

Ал, жергілікті НЗМ студенті Армангүл Ербол 110 жыр шумағын жаттаған. Қазылар алқасы қанша шатасытырып, кей жерін үзіп, ортасынан сұрасада қыз мүлде мүдермеді.

Армангүл Ербол, байқауға қатысушы, СҚО:

-Бірінші болып шаққандықтан ба, қобылжып қаодым. Екі өлеңді ұмыттым.

Көрермендер Мағжаннның ізбасарларының сахнаға шығуын тағатсыздана күтіп отырды. Кезек оларға да жетіп, Ақтөбеден келген арқалы жас ақын Нұрбол Жауынбаев шығып, бірден көрерменнің ықыласына бөленді.

Ақындар бірінші Мағжан Жұмабаевқа арнау өлеңдерін оқыды. Келесісі еркін тақырып.

Нұрбол Жауынбаев, байқауға қатысушы, Батыс Қазақстан облысы:

-Ақын шындықты айта білуі шарт. Маған бұл қасиет нағашыларымнан дамыған.

Ал, мұнда ақынның жырларын зерттеген ұл-қыздар жобаларын қорғауда. Алматыдан келген Анель Арынова мен Асқар Ермаханның таңдаған тақырыбы “Мағжанның қарындастар өлеңіндегі заман үні”.

Асқар Ермахан, байқауға қатысушы, Алматы қаласы:

-Қорғап шықтық. Барлығы жақсы болды. Басты қарсыласымыз деп Батыстан келген оқушалырды санаймын.

Байқау қорытындысында жүзден жүйріктерге бағалы сыйлықтар табысталды.


 

 

Акбопе Танирберген