МТРА жаңалықтары

Петропавлда Қазақстан полициясы күні аталып өтілді

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Қоғамдық тәртіпті қадағалау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде сіздерге үлкен міндет жүктелген. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ел азаматтары полиция қызметкерлерін өздерін қорғаушы ретінде танып, өз қауіпсіздіктерін сезінуі тиіс деп атап өткен болатын.

Кейін аймақ басшысы полицейлерге 55 су жаңа қызметтік көліктің кілттерін табыстады.

Бұл машиналарды алуға облыстық бюджеттен 100 млн теңге қаражат бөлінген. Енді, “Lada patriot”, “Niva”, “Skoda oktavia” сынды көліктер Петропавл қаласы мен өңір аудандарының бөлімдеріне жөнелтілмек. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына 337 бейне тіркегіш табысталды.
Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында жалғасты.Ең алдымен оларды СҚО ІІД бастығы Берік Біләлов құттықтады.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-Тәртіп сақшыларының қоғам тыныштығын қамтамасыз етуде алар орны ерекше. Бірінші кезекте полицейлер террорлық актілер мен қоғам арасында іріткі салатын адамдардың жолын кесуге басымдық беруі керек. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында өңірде әр жылдары 8 тәртіп сақшысы қызмет бабында қаза тапқан болатын. Бұл әріптестеріміздің ерлігі қатарымызға жаңадан қосылған қызметкерлерге үлгі болып қалмақ.

Ең әуелі министрліктің атынан “Ішкі істер органдарының құрметті қызметкері” төсбелгісі табысталды. Айта кету қажет, бұл марапатқа республика бойынша 3 полицей ие болған. Оның екеуі біздің жерлесіміз, ІІД бастығының бірінші орынбасары Думан Таев пен, ІІД бастығының орынбасары Виктор Букреев.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамотасы, ІІД бастығының Алғыс хаттары табысталды. Ғ.Мүсірепов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Айдос Идрисов бүгін Кеңес Одағының батыры “Мәлік Ғабдуллин” медалін иеленді. Подполковниктің ішкі істер органдарында қызмет етіп жүргеніне 19 жыл. Бұл Айдос Идрисовтың осымен 7-ші марапаты.

Айдос Идрисов – Ғ.Мүсірепов аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы:

-Мен 1999 жылы Павлодарда заңгер мамандығым оқым шықтым. Кейін Ғ.Мүсірепов ауданында тергеуші болып қызмет еттім. Енді дәл сол ауданда ішкі істер бөліміне жетекшілік етемін. Бүгінгі марапатыма ризамын.

Бүгінгі мерекемен әріптестерін құттықтауға көршілес Ресейдің Қорған қаласынан да полицейлер келіп отыр.

Андрей Сосевич – Ресей ІІМБ Қорған қаласы бойынша патрульдік-бекет қызметінің инспекторы, РФ:

-Мен Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Әрине Ресей ІІМ-ің басқармасы делегациясы сапында болу мен үшін өте зор құрмет. Мен қазақстандық полицейлердің кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Еңбектері табысты болсын.

Салтанатты концертпен жалғасты.


Риат Шони