Спорт

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық спартакиада өз жалауын желбіретті

Вячеслав Латышев – жарыстың бас төрешісі:

-Бұл спартакиада өңірімізде 1997-ші жылдан бастап өткізіліп келеді. Жыл сайын қатысушылардың саны да артып отырады. Мұнда бапкерлер спортшылардың әуселесін байқап, іріктеу жүргізеді. Олар спорттың 8 түрінен сынға түседі.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін көрермендердің делебесін қоздырған сайыстар басталды. Жарыс жолағында спортшылар арбамен 60 метр қашықтықты бағындыруда. Ең әуелі әйелдер күш сынасты. Мұнда оқ бойы озып келген Мамлют ауданының өкілі Любовь Лукина мәреге бірінші жетті.

Любовь Лукина – жарысқа қатысушы:

-Жарыс оңай болған жоқ. Қарсылас мықты. Оның үстіне мен бұған дейін зілтемір спортымен айналысқанмын. Дайындықтың арқасында мәреге бірінші болып келдім.

Сондай-ақ, бұл күні спортшылар шахмат, пауэрлифтинг, тоғыз құмалақ және үстел теннисі сынды спорттың 8 түрінен бақ сынасады. Жарыс екі күнге созылмақ.

 

 

 

Риат Шони