МТРА жаңалықтары

Облыс активіне СҚО сотының жаңа төрағасы таныстырылды

Анатолий Смолин – ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы:

-Ерлан Жұмаханұлы 1990 жылы заңгер мамандығы бойынша Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 94 жылы Алматы қалалық төрелік сотының судьясы, одан кейін қалалық соттың судьясы лауазымын атқарды. Жетісу ауданында, Атырау облыстарында жұмыс істеді. Соңғы 5 жылда Ақтөбе облыстық сотының төрағасы қызметін атқарған. Ерлан Айтжановтың сот жүйесінде кәсіби біліктілігі жоғары.

Ал, Мұратғали Әкетай Елбасы жарлығымен Ақтөбе облыстық сотының төрағасы болып сайланды. Айта кетейік, Мұратғали Әкетай облыстық сотты 3 жылдан артық басқарған. Осы мерзім аралығында өңірдің сот жүйесі дамып, облысымыз екі жыл қатарынан республика соттарының арасында алдыңғы қатардан көрініп келді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Сізге бірге атқарған жұмысымыз үшін алғысымды білдіремін. СҚО-ның халқы сізді әділ басшы, тәжірибелі сот. Әр іске көмекке келетін келетін ашық адам ретінде таниды.

Биыл барлық аудан орталықтарында медиация кабинеті ашылды.
Онда тұрғындардың даулы істері сотқа жеткізілмей шешіледі. Бұл да заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған бір қадам.
Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов Мұратғали Әкетаймен бірлесіп істеген жұмыс жемісті болғандығын айтты. Кейін Құрмет грамотасымен марапаттап, естелікке көрікті табиғат бейнеленген картинаны тарту етті.

Мұратғали Әкетай әріптестеріне алғысын білдірді.

Мұратғали Әкетай – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы:

-Мен жақсы, білімді адамдармен жұмыс істедім. Біз бірге көп жетістіктерге жеттік.

Ал Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жаңа төрағасы – Ерлан Айтжанов өңірдегі сот жүйесінің қазіргі дәрежесін түсірмеуге уәде берді.

Ерлан Айтжанов – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы:

-Ұжыммен ортақ тіл табамын деген сенімдемін. Көп жылдар бойы жинаған абыройларыңыз бен дәрежелеріңізді сақтап, бірге жетістіктерге жетеміз деген үмітім бар.

Сондай-ақ, жиын барысында көпшілікке СҚО-ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жаңа төрағасы – Бауыржан Жайжұманов таныстырылды.

Берік Қасен