МТРА жаңалықтары

М.Жұмабаев ауданында қоғамдық кеңестің 10-шы отырысы өтті

Марат Төлеев – М.Жұмабаев аудандық жер қатынастары бөлімінің жетекшісі:

-Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi Кодексте белгiленген тәртiппен ел азаматтарына жеке меншiк құқығымен берiледi. Шетелдіктерге 25 жылға дейін жалға беріледі. Бұл санатқа шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғалар мен оралмандар да жатқызылады.

Жалпы елді-мекендегі қоғамдық кеңес құрамы үстіміздегі жылдың сәуір айында қайта сайланған. Осы уақыт аралығында 9 рет бас қосып, аудандағы күрмеуі қиын сұрақтарды қарастырыпты.

Болат Қазанов – М.Жұмабаев аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы:

-Мысалға айтатын болсақ, біз шерулерді қалай өткізу керек, оның тәртібі қалай болу керек соны қарадық. Мәселен, бүгінгі қарастырған жер мәселесі. Сондықтан күнделікті халықтың талап-тілегін жерге қалдырмай, қандай сұрақтар қойса соған нақты шешуге көмек береміз.

Аудандағы қоғамдық кеңестің келесі отырысында ұйым мүшелері жөнделген жолдың сапасы мен баспана салу қарқынын талқыламақ.

 

 

 

Бакыт Садуакасов