Балалар

Биыл Қызылжар ауданында 2 мыңнан астам бала жазғы лагерьлерде демалмақ

Наталья Мишкина – Большая малышка орта мектебінің директоры:

-Балаларға бағдарлауға қатысты ойындар ұнап жатыр. Қандай да бір шара өткізбес бұрын жетекшілер демалушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді. Жақында олар Долматова селосына қазба жұмыстарына барып келді.

Лагерь 3 кезеңде жұмыс жасайды. Оның әрқайсысы 5 күнге дейін созылады. Балаларға 5 мезгіл тамақ та қарастырылған. Сонымен қатар, бұл жерде бірнеше дәрігер жұмыс жасайды. Оның ішінде социолог пен психолог сынды мамандар да бар. Түнгі уақытта балалар мектепте ұйықтаса, ал күндіз таза ауада шатыр тігеді.

Балаларға бұл жерде демалу ұнаған сыңайлы.

Ануар Ануарбеков – Архангелка орта мектебінің оқушысы:

-Маған футбол ойыны ұнайды. Демалыс тамаш өтіп жатыр.

Айта кеткен жөн, биыл Қызылжар ауданының жазғы лагерьлерінде 2 мыңнан астам бала демалады деп жоспарланған.

Амангельды Абдрахманов – Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдіскері:

-Біздің ауданда мектеп жанындағы 47 лагерь жұмыс жасауда. Биыл біз 2309 баланы қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз. 19 маусымнан бастап “Сұңқар” демалыс орыны ашылды. Мұнда 75 баланы демалыспен қамтымақпыз.

Демалыстың бірінші кезеңі аяқталып та қалды. Енді дүйсенбі күні «Сұңқар» лагерінің екінші кезеңіне тағы да 25 бала келеді деп жоспарланған.

 

 

Айгерим Ержанова