МТРА жаңалықтары

2014-2015 ж.ж. СҚО-да мүлікті жария ету бойынша азаматтардан 900-ден астам өтініш түскен

Әділбек Қалиев – СҚО Қаржы басқармасы заңдылық қызмет бөлімінің басшысы:

-Енді ақшаны 2 түрлі әдіспен заңдастыруға болады. Азаматтар қаражаттын банк шоттарында көрсете алады немесе оны өз пайдасына жаратса болады. Мысалы, бизнеске салып, жылжымайтын мүлік сатып алу дегендей. Бұл жағдайда сізден 10 пайыздық алым алынбайды. Ал екінші әдісте шетелдегі қаражатты банк шоттарында көрсетпей-ақ, жай ғана заңдастыруға мүмкіндік бар. Онда бюджетке 10 пайыз салым жасау қажет.

Шетелдегі ақшасын заңдастырғандар тиісті декларацияны фискалды органға тапсыруға міндетті. Осы тұста айта кеткен жөн, мүлікті заңдастырушыларға қатысты барлық мәліметтер құпия сақталады.
Құқық қорғау мекемелері мен мемлекеттік органдар ол іске араласпайды. Және жеке меншіктегі мүлік тәркіленбеуі тиіс.

Әділбек Қалиев – СҚО Қаржы басқармасы заңдылық қызмет бөлімінің басшысы:

-Елбасы айтқандай, мүлікті жария ету – бұл тұрғындарға беріліп жатқан соңғы мүмкіндік. Одан кейін мүліктерін заңдастырмағандар жауапкершілікке тартылады. Шетел банктеріндегі шоттар тағы бір мәрте тексеріліп, ақшаны мемлекеттен жасырып қалған тұлғалардың есімі анықталады. Оларға заң жұзінде қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

Акция басталғалы бері мүлікті заңдастыру бойынша солтүстікқазақстандықтардан 300-ден астам өтініш түсіпті. Бүгінде соның 19-ы қарастырылу үстінде. Оның жалпы сомасы 185 млн теңгені құрайды. Еске салайық, мүлікті жария ету науқаны осы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жалғасады.


 

Берік Қасен