Қоғам

Петропавлдық тұрғын үйлер қысқы маусымға дайындалуда

Мына тұрған Мир көшесі 290 үйге жылу есептегіш құрылғысын орнатылып үлгерген. Енді жылу желілерін қамдап, бойлерді жаңарту керек.

Татьяна Хрипунова – “Мира, 290” ЖПИК басқарушысы:

– Биыл жылыту желілері мен бойлерді жөндеу керек. Ескірген. Ауыстырмаса болмайды. Мердігер іздеп жатырмыз. Тұрғындар ай сайын шатырға төлейді. Биыл жылу есептегіш құрылғы қойдық. Сондықтан арзанға шықса екен дейміз. Тағы жөндеуді қажет ететін жертөлеміз бар. Оны біртіндеп қалыпқа келтірмекпіз.

Салынғанына 30 жылдан асқан үйдің тұрғындары келіп-жеткен жаз мезгіліне де түпкілікті дайындалған. Надежда Еньшина бұл үйге бірінші кіріп, қоныс тойын тойлаған байырғы тұрғыны. Бірақ кейінгі он жылдың ішінде баспанасының шатыры желініп, жаңбыр жауса үйінің ішіне дейін ойық-тесіктен су тамшылайтын көрінеді. Нәзікжанды бесінші қабатта тұрғандықтан көп зардап шеккен. Ал 2015 жылдың мамыр айынан бұл мәселе “Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту” бағдарламасының аясында шешімін тапты. Биыл жазда тұрғындардың басында жаңбыр жауа қалса қорғайтын сапалы шатыры бар.

Надежда Еньшина, Мир көшесі 290 үйдің тұрғыны:


– 1989 жылдан бері тұрамын. Жаңбыр жауса болды бейнеттеніп қалатынбыз. Тіпті үйге жөндеу жұмстарын жасап, жаңа нәрсе ала алмадық. Себебі одан пайда жоқ. Төбеден тамған су бәрін шайып кетеді. Енді міне көзіміз ашылды. Жөндеу жүрып жатқан кезде де шатырға қайта-қайта шығып жұмыс барысын өзіміз, тұрғындар болып бақыладық.

Шатыр, Подъездге кіреберіс маңдайша және суағарды жөндеуге 39 млн 200 мың теңге кеткен. Мир 290 мекенжайында 100 пәтер бар. Енді, бұл қаражатты тұрғындар 15 жылдың ішінде мемлекетке қайтаруы керек.

Сәтен Космакасова, Мир көшесі 290 үйдің тұрғыны:


– Мен ұлы Отан соғысына қатысушының жұбайымын. Жасым 91-де. Үш бөлмелі үйде тұрғандықтан айына 3 мың теңгеден артық қаражат төлеймін. Зейнетақым жетпейді.

Сондай-ақ, былтыр дәл осы үйдің ауласына балаларға арналған корт орнатылған. Енді асфальт төселмек.

– Биыл облыс орталығында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында қайтарымды қаражат есебінен 2 үй жөнделуде. Оның бірі Украинская 256 мекен жайында болса, екіншісі Мир көшесіндегі 219 үй.

Акбопе Танирберген