Құқық қорғау органдары

Облыстық ІІД ашық есік күні өтті

Әсіресе, жиылғандар қылмыстың ізін суытпай ашуға арналған команда-штабтық жүк көлігі, бейнебақылау камералары орнатылған жеңіл көліктер, брондалған “Тигр” оқу-жаттығу темір тұлпарын ерекше қызықтауда. Айталық, мына жылжымалы криминалистік зертхана департаменттің мақтанышы. Техниканың ауыр және аса ауыр қылмыстар мен жол-көлік оқиғасы кезінде полицейлерге көмегі орасан зор.

Евгений Богачев – СҚО ІІД жедел-криминалдық басқармасының аға криминалисті:

– Көпсалалы шағын автобус цифрлық фото және бейнекамера, “фоторобот” принтері сынды жаңа бағдарламалармен жарақталған. Көлікте криминалистердің әмбебап қорапшасы, жарылғыш заттарды анықтайтын зерттеу құрылғысы тағы бар.

Осы жерде жұртшылық назарына “Арлан” арнайы мақсаттағы жасағының киім үлгілері, қылмыскерлерді ұстауда қолданатын қарудың сан түрі қойылған.

Қапез Дәулетбаев – СҚО ІІД кадр басқармасының бастығы:

– Біз облыстық ІІД-і қызметкерлері күнделікті жұмыста қолданатын 14 техниканы ұсынып отырмыз. Бүгін кез-келген петропавлдық депатамент ғимараты жанына келіп, әр техника мен қондырғыларды көре алады.

Ашық есік күнінде жерлестеріміз департамент жанындағы жедел-басқару орталығы мен полиция қызметінің өткені мен бүгінінен сыр шертер мұражайдағы ақпараттарға қанықты.

Ангелина Денищук:


– Көрме көңілімнен шықты. Өзім шаһардағы гуманитарлық-техникалық колледжінде құқықтану мамандығын меңгеріп жүрмін. Болашақта полиция қызметіне жұмысқа тұрғым келеді.

Галина Шереметьева:


– Біздің колледж студенттері облыстық ІІД мұражайына тоқсан сайын келіп, осындағы экспонаттармен танысып тұрады. Мұндай ашық есік күніне бірінші рет келуім.

Бұдан соң, келушілер шаһардағы кинологиялық орталықтың қызметімен танысып, ондағы иісшіл иттердің жұмысын байқады.

 

Бакыт Садуакасов