Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ведомствоаралық комисияның отырысы өтті

Соның 411-де өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты нормалар бұзылған. Тиісінше, оған жауапты 200-ден астам тұлға әкімшілік жауапкершіліке тартылып, оларға жалпы сомасы 6 млн. теңгеден артық айппұл салыныпты. Білім басқармасының басшысы Шолпан Каринованың айтуынша, қазіргі таңда олқылық табылған нысандарда ескірген электр сымдары ауысытырылып, өртке қарсы дабыл жүйелері орнатылуда. Бұл мақсатқа қажетті қаражат бөлініп, игеріліп жатыр. Бұдан бөлек білім беру нысандарының жылыту маусымына даярлық барысы сөз болды. Одан кейін темір тордың ар жағында отырғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды. Биыл “Жол картасы” бағдарламасы аясында колонияларға тиесілі аумақтарда бос жатқан нысандар жөнделеді. Жаңа өндірістер құрылып, 300-ге жуық жазасын өтеуші жұмыспен қамтылмақ.

Евгений Глотов – СҚО Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:

– Қазіргі таңда түзету мекемелерінде ісін жүргізіп отырған кәсіпкерлердің саны 17-ге жетті. Осылайша, қазір 492 адам колонияда екі қолға бір күрек тапты. Бұл сотталғандардың 51 пайызын құрайды. Қазір біз өз ісін түзету мекемесінде жүргізгісі келетін кәсіпкерлерге ғимараттар беру жағын ойластырудамыз.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құжаттарыңызды дайындаңыздар. Біз түзету мекемелеріндегі нысандарды жөндеуге қатысты ұсыныстарымызды министрлікке жолдайық.

Қазіргі таңда түрмеден босап шыққандарды да тұрақты жұмыспен қамту мәселесі оң жолға қойылыпты. Бұдан соң қала әкімінің орынбасары Елена Балло шаһарымыздағы қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған жұмыстар барысын айтып шықты. Осы күні сауда үйлері мен аула, падъездерге бейнебақылау камералары көптеп орнатылуда. Бүгінде бақылау құрылғысының саны 4 мыңнан асып жығылған.

Елена Балло – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

– Осы жазда біз 16 көпқабатты үйге 70 бейнебақлау камерасын орнатпақшымыз. Қаламызда әлі де болса көше бұзақылығы, бөтеннің мүлкін ұрлау азаймай тұр. Осыған байланысты біз “Автобус”, “Транзит”, “Көрші бақылауы” сынды акцияларды жиі өткізіп тұрамыз. Сондай-ақ, тұрмыс жағдайы нашар отбасылар есепке алынып, олардың балаларымен жүйелі жұмыс жүргізудеміз.

Осы жылдан бастап учаскелік инспекторлар тоқсан сайын тұрғындар алдында есеп беретін болады. Негізі биыл өлім 33 пайыз, кәмелет жасына толмағандармен жасалатын қылмыстар 54 пайызға қысқарыпты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– 5 айдағы нәтиже жамаман емес. Біраз құқықбұзушылықтың түрі бойынша көрсеткіштер төмендепті.

Осы күні Мамлют ауданы әкімінің міндетін атқарушы Рустам Ғаббасов селекторлық режимде байланысқа шығып, аудандағы құқықбұзушылықтарды алдын алумен айналысатын комиссияның жұмыс жоспарымен таныстырды.

Берік Қасен