МТРА жаңалықтары

СҚО екі бірдей ресейлік “НИЗКОЦЕН” дүкені жұмыс істеуде

Сергей Смирнов – «НИЗКОЦЕН» ЖШС директоры:

– 2015 жылы СҚО әкімі мен Омбы қаласының губернаторы әріптестік орнатып, Солтүстік өңірде «Низкоцен» дүкендер желісін аштық. Біреуі Булаев қаласында, ал тағы біреу Петропавлда орын тепті. Клиенттерімізге барлық жағдай жасалған. Сатушыларымыз да олардың көңілдерін тауып, жақсы қызмет көрсетуге тырысып жатыр.

Мұнда жайғасқан тауардың 60%-ы – отандық өнім, қалған 40%-ы шетелден әкелінеді. Бағасы да қолжетімді. Акциялар да тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

–  Дүкен сөрелеріне күн сайын 1 мың тауар жеңілдетілген бағамен қойылады. Мәселен, мына 1,5 келілік кір содасын 707 теңгеге сатып алуға болады.

Бұл жерден керектінің бәрін табуға болады. Шұлық пен демалысқа арналған құралдар да баршылық. Мәселен, мына құралмалы мангалдың бағасы небәрі 588 теңгені құрайды. Сондай-ақ, мұнда жергілікті “Байрон” макарондары 75 теңге, «Добрый» шырынының литрі 229 теңгеден саудалануда.
Ал мынау тоңазытқыштарда жартылай мұздатылған өнімдер мен ет және балықты жайғастырған. Бұл тауарлар клиенттің қолына тек балғын әрі сапалы түрінде ғана түседі. Өйткені, оларды мұндай күйде сақтауға дәл мына инновациялық техника көмектеседі.

– Бұл дүкенге бірінші рет келіп тұрмын. Өзіме ұнады. Тауардың бағасы да қолжетімді.

–  Бәрі арзан. Кәмпиттер мен тәтті-дәмділер де бар. Бұл дүкен көңілімнен шықты.

– Нан, колбаса мен шәй, тәтті-дәмділер алдым. Бағасы да тиімді. Енді осы маңдағы тұрғындардың дені Низкоценге келетін шығар.

Күнде тәңертеңгілік уақытта «НИЗКОЦЕННЕН» петропавлдықтар ыстық нан мен тәтті тоқаштар сатып ала алады. Өйткені, бұл өнімдерді мұндағы аспаздар өздері әзірлейді. Оның дайындау техникасы да өзгеше.
Қойманың алып жатқан аумағы да ауқымды. 1465 шаршыны құрайды. Іші кең әрі клиенттердің ыңғайына қарай жасалған.

–  Мен мұнда жиі келемін. Таңертең және кешке. Дүкеннің іші маған ұнады. Өте кең. Себетпен ешкімге кедергі жасамай жүруге болады.

– Мен осы маңда тұрамын. Біздің үйдің қасында мынадай алып дүкеннің ашылғанына қуаныштымын. Өте ыңғайлы.

«Низкоцен» дүкенінде 30 адам жұмыс жасайды. Оның барлығы да Петропавл қаласының тұрғындары. Олар клиенттерге таңғы сағат 9-дан кешкі 23:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Сергей Смирнов – «НИЗКОЦЕН» ЖШС директоры:

 

Мұндағы қызметкерлер өз жұмыстарына аса жауапкершілкпен қарайды. Өйткені, біз клиенттерге сапалы өнімді ғана саудалаймыз. Мәселен, күн сайын жұмысшыларымыз өнімдердің жарамдылық мерзімін тексереді. Бұдан бөлек бұл қоймадан солтүстікқазақстандықтар азық-түліктен өзге де тауарды таба алады.

Айта кеткен жөн, мұнда темір тұлпар иелеріне де жағдай жасалған. Мәселен, дүкен маңында 100 көлікке арналған автотұрақ бар.

Айгерім Ержанова