Балалар

Петропавлда мектеп оқушыларының облыстық байқауы қорытындыланды

Қылқалам шебері өз еңбегінде қоғамдағы жемқорлықты 4 сатыда көрсетіпті. Картинаның алғашқы бөліктерінде басшы азаматтардан пара алады. Ал, соңында ол абақтыға тоғыталады. Бұл сурет ұйымдастырушылардың назарынан тыс қалмай байқауда үшінші орынға ие болды.

Дарья Авдеева – байқау жүлдегері, Петропавл қаласы:

– Мен бұл суретті қара қаламмен салдым. Өзімнің ойымша өте тамаша шыққан сурет. Туындымда бастық пара алып, сотталады. Осы еңбегім арқылы қоғамдағы сыйбайлас жемқорлықтың арты неге апарып соғатындығын көрсеткім келді.

Бұл байқауда теріскейлік қаламы қарымды жастардың да еңбегі елеусіз қалмады. Шығармалар сайысында Мадина Меңдібаева жеңімпаз атанды. Жеткіншек өз туындысында СҚО құрметті азаматы Генадий Зенченко жайлы жазған.

Мадина Меңдібаева – байқау жүлдегері, Петропавл қаласы:


– Мен шығармамды мамыр айының басында жазып, байқауға жібердім. Туындымда өңіріміздің дамуына ерекше үлес қосқан Генадий Зенченконың жасаған ісі айтылады. Шыныменде ол кісі табыстың кілтін тапты. Барлық адамдар сол кәсіпкердей болса еліміздің экономикасы алға басады.

Жалпы, сайысқа өңіріміздің мектеп оқушыларынан 40-тан аса суретпен қазақ, орыс тілінде жазылған 25 шығарма қатысыпты. Одан ақтық сынға тек үздіктері ғана іріктелініп алынған. Байқаудың басты мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жастарға бүгіннен түсіндіру.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы
қаз: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды біз жастарға мектеп қабырғасынан үйрету керекпіз. Ол осыдан өздеріне қажет дүнилерді үйренеді. Жастарға сыбайлас жемқорлықтың зиянын жастарға біз осындай шаралар арқылы түсіндіреміз.))

Шара соңында байқау жүлдегерлері мен ұйымдастырушылар бірге суретке түсті.

Култанов Байболат