МТРА жаңалықтары

Маусымның 22-і фашистік Германияның Кеңес үкіметіне соғыс ашқанына 75 жыл

Ресми ақпараттарға жүгінсек, соғысқа Кеңес үкіметінен 27 миллоннан аса жауынгер аттаныпты. Жерлесіміз Сұлтан Мұхамеджанов 1942-ші жылы әскер қатарына шақырылып, Сталинградты жаудан азат етуге қатысқан.

Сұлтан Мұхамеджанов – ҰОС ардагері:

– Соғыстың 75 жылдығына мына қайтқан кісілерді еске алып, мәңгілік алауға гүл қоюға келдік. Соғысқа мен де қатыстым. 1942 жылы маусым айынан бастап соғыстым. 01-50 Мен Молдавия, Румыния, Болгария мен Венгрияны азат етуге қатыстым.

Тыл еңбеккері Валентина Иконникованың кескілескен ұрысқа жездесі қатысып, Литва елін азат ету кезінде қайтыс болыпты. Суыт хабарды естіген уақытта қала тұрғыны небәрі 10 жаста ғана еді.

Валентина Иконникова – қала тұрғыны:

– Жездем кескілескен ұрыс даласына 20 жасында қайтыс болды. Ерлікпен қаза тапқан туысқанымды еске алу үшін жыл сайын “Мәңгілік полк” шеруіне суретін алып шығамын. Ұрыс даласына батырлықпен қаза болған жездеміз – біздің мәңгі жадымызда.

Кейін ескерткіш маңына жиналған жұртшылық ескерткішке гүл шоқтарын қойып, алау маңына бет алды. Алғашқы гүл себеті облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан.

Кейінгі ұрпақ қанды қырғында мерт болған жауынгерлерге құрмет көрсетуді парызы санайды.

Осы күні соғыс ардагерлері Жеңіс саябағына барып, шейіт болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Қала тұрғыны Жасұлан Құдабаев, 41 жылдың 22 маусымында балалық шақпен қош айтысып, еңбек майданына араласқан. Қария бүгінгі ұрпақ бейбітшілікті қаділей білсе екен дейді.

Бүгінде облысымызда көзі тірі 197 соғыс ардагері бар болса, соның 119-ы Петропавлда ғұмыр кешуде.

Бакыт Садуакасов