МТРА жаңалықтары

Демалыс маусымы басталды

Былтыр мұнда 3 мыңнан астам адам өз демалысын өткізіпті. Шалқар көлі жағасында орналасқан демалыс орнына Жаңбырбай Ғабдуллин де туған-туысқандарымен демалуға келген.

Жаңбырбай Ғабдуллин- дамалушы, Саумалкөл тұрғыны, Айыртау ауданы:

– Бүгін таңертең келіп жатырмыз осында. Жылда келеміз. Маған ұнайды. Осында бәрі бар. Үйлері қандай. Неше адам тұра алады. Моншасы бар. Балаларға да демалуға мүмкіндік бар.

Туристік маусым ашылғалы нысанда 200 адам болыпты. Демалыс орнының негізгі қонақтары аймағымыз бен Қостанай, Ақмола өңірінің азаматтары. Тағы мұнда ресейліктер де жиі келеді екен. Көршілес Омбы облысынан келген мына отбасы ардагерде апта соңына дейін болады.

Евгений Салтыков- демалушы, Омбы облысы, РФ:


–  Мұнда біз бірінші рет келіп отырмыз. Демалыс базасы туралы бізге достарымыз айтты. Апта басында келдік. Онда ауа райы салқындау болатын. Қазір жақсы. Табиғат аясы, тыныштық, қаланың у-шуынан тынығуға септеседі.

Мұнда ересектерге де балаларға да демалуға мүмкіндік бар. Көл жағасында волейбол ойнап, қайықпен серуендеуге болады.

Дарья Кусливая- демалушы, Омбы облысы:

– Суы, ауасы таза. Табиғаты өте әдемі. Маған бұл жер қатты ұнады. Осында міндетті түрде тағы келеміз.

Сағындық Кәркен- демалушы, Ақмола облысы:


–  Біз мұнда «Алтыбақан» тебеміз. Суға түсеміз. Ойнаймыз.

Ардагерде ағаштан тұрғызылған 26 баспана тағы 3 киіз үй бар.

Азамат Құсайын- «Ардагер» демалыс базасының директоры, Айыртау ауданы:

– Отбасылық демалыс орны болғандықтын келешекте үйлердің санын арттырмақпыз. Мансарды бар баспана тұрғызамыз. Ондай үйлер балаларға ұнайды. Тағы балғындарға арналған алаңдарға тапсырыс бердік. Жуырда орнатамыз. Істі жаңа ғана бастадық. Сондықтан әлі жоспар көп. Киіз үйлердің ішін ұлттық стильде әшекейлейтін боламыз. Сонда келген адамдар ата-бабаларымыздың қалай тұрғындығын көре алады.

Демалыс орнының бір кемшілігі әзірге, қонақтарын тамақпен қамтамасыз етпейді. Мұндағылар алдағы уақытта мәселе шешіледі деп отыр. Тағы келешекте қысқы туризмді дамыту жоспарда.

 

Магжан Ахмадина