МТРА жаңалықтары

Петерфельд селосына алғаш қазақ жанұясының қоныс аударғанына 80 жыл

Бұл елді-мекен ежелде Европадағы тұрақыздық салдарынан Германиядан жер аударылған немістердің 4 жанұясынан құрылған. Олар сонау батыстан жергілікті көпес Петр Рыбаловтың арзанға жер сатады дегенін естіп келген. Кейін қоныс аударушалырға шұрайлы табиғат ұнап осында тұрақтауды жөн санайды.

–  Бұл – Петерфельд селосындағы ең бірінші салынған үй. Ғимаратты 1909 жылы Юган Вегнер есімді азамат саманнан тұрғызған. Қазір бір ғасырға жуық уақыт өтсе де нысан әлі де қаз-қалпында сақталған.

Ескірген үйде бір кездері Андрей және Эльвира Штоль есімді адамдар тұрыпты. Бертін келе баспананың шатыры мен қабырғасына жөндеу жасалған. Қазір нысан қолданысқа жарамсыз болғасын, есігінде қара құлып тұр. Ал, жолдың келесі шетінде селолық клуб орналасқан. Бұл ғимаратты жергілікті тұрғындар өз күштерімен 1936 жылы тұрғызыпты.

Валентина Белоус – Петерфельд орта мектебінің мұражай меңгерушісі, Қызылжар ауданы:

– Бұл ғимарат саманнан салынған. Мұнда 1936 жылдары кітапхана, клуб және радио байланыс бөлмесі жұмыс істеді. Бір кездері біздің селода оркестр болған. Олар мереке сайын тұрғындардың көңілдерін көтеріп өнер көрсететін. Осы жерде фортепиано сыныбы да болған еді.

Петерфельд – 1936 жылдардан жандана бастайды. Мұнда дәл сол кездері асхана, балабақша мен жолдар салынады. Колхозда жұмыс істеген жергілікті тұрғындардың еңбегі жалақымен өтелген. Елді-мекенде “Полуторка” жүк көлігі пайда болады. Колхозда балаларға Дейч Адам есімді азамат неміс тілінде білім беріпті. Ал, бұл үйде Петерфельдке алғаш қоныс аударған тқазақ жанұсының ұрпақтары тұрады. Мұнда осыдан 80 жыл бұрын Дәулетбай Нұрамчин есімді ақсақал өзінің Омар және Ғали есімді балалармен көшіп келген.

Валентина Белоус – Петерфельд орта мектебінің мұражай меңгерушісі, Қызылжар ауданы:

– Дәулетбай Нұрамчин Петерфельдге Лобачевка селосынан көшіп келді. Олармен қатар өзге жанұялар да болған. Бірақ олар елді-мекенде көп тұрақтамай кетіп қалды. Нұрамчиндер немістермен тез тіл табысып кетті. Олар тұрғындармен жақсы қарым-қатынаста болып, неміс тілін үйренеді.

Дәулетбай Нұрамчин 1971 жылы көз жұмған екен. Ғали ұзақ жылдар бойы колхозда меңгеруші қызметін атқарыпты. Ал, үйдің кішісі Омар 1940 жылы әскер қатарына алынып, соғыстан аман-есен елге оралады. Ол кейін отбасын құрып 5 бала тәрбиелейді. Одан тірі қалған Леас Нұрамчин.

Леас Нұрамчин – Петерфельд селосының тұрғыны, Қызылжар ауданы:

– Менің әкем 1947 жылы шаңырақ құрған екен. Ол өзі селода ұзақ жылдар бойы жылқышы болды. Ал, Ғали ағамның 3 баласы бар. Ұлдары Измайловкада, Якорда, ал, қызы қалада тұрады. Қазір менің де бір ұлым бір қзым бар. Одан 2 немере сүйіп отырмын.

Петерфельд іргесі сөгілмей, қазаны қайнаған село. Мұнда қазір 30-ға жуық түрлі ұлт өкілдері айрандай ұйып өмір сүруде.

 

Култанов Байболат