МТРА жаңалықтары

Маусымның 23-і мемлекеттік қызметшілер күні

Мемлекеттік қызметтің жүгі ауыр, оны ылайықты алып жүру әркімнің қолынан келе бермейді дейді жерлесіміз.

Юрий Наумочкин – СҚО әкімдігінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, әдеп жөніндегі уәкілі:


– Бүгінгі мемлекеттік қызметші заман талабынан қалыс қалмай, жан-жақты болуы шарт. Мемлекеттік қызмет адалдықты, төзімділікті, қырағылықты қажет етеді. Бұл салаға әбден төселіп кеттім десем боладыю.

Мемлекеттік аппарат қызметкерлеріне қойылатын талап уақыт өткен сайын қатаңдап келеді. Юрий Наумочкин басшылық жасайтын бөлім құқықтық құжаттардың дұрыстығын бақылайды. Сондықтан жұмыс кабинетінде үнемі қарбалас, ал үстелі қағаздан босамайды. Жерлесіміз мемлекеттік қызметке жастар көптеп келіп жатыр дейді. Бұл салада 30 жылдан аса тәжірибесі бар маман оларға үнемі жөн сілтеп отырады, білмеген тұстарын көрсетеді. Мемлекеттік қызметте ойдағыдай жұмыс жасап, қызмет бастапалдағынан көтерілу оңай емес, – дейді.

Юрий Наумочкин – СҚО әкімдігінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі:

– Жаңа талапқа сәйкес мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі 3 кезеңнен тұрады. Алдымен қызметшілер тестілеуден өтіп, кейін әңгімелесуге жолданады. Оған тағы жас маманға 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімде сынақ уақыты беріледі. Осы уақыт ішінде мемлекеттік қызметші өзінің жеке қабілетін толыққанды көрсетуі қажет.

Юрий Наумочкин жас кезінде әскери салада қызмет жасауды мақсат етіпті. Пагон тағынып, форма киюді әрбір бозбала армандайды дейді қалжыңдап. Бірақ, мемлекеттік қызметке келгеніне өкінген емес. Бұл салада өзімді таптым дейді ол. Жерлесіміз, әріптестерін алдағы кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбекте табыс тіледі.

 

Бақыт Сәдуақасов