МТРА жаңалықтары

Жыл басынан кәсіпкерлердің үстінен 700 рет тексеру жүргізілді

Жақында ғана ол Астана қаласында өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының форумында 3-ші дәрежелі «Ісіне адал» медалімен мараптталды. Мұндай жетістікке жету үшін өз қызметіңді сүю керек дейді нәзікжанды.

Инесса Қуанова – СҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы:

– Бұл менің еңбегімнің жемісі деп білемін. Сонымен қатар, елімізде кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмысы жоғары дәрежеде жүргізілетіндігінің белгісі деп ойлаймын. Сонымен қатар, бұл алдағы уақытта менің жұмысыма серпін беретіні сөзсіз.

Екі жыл ішінде өңірде кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 17-сі өткізілген. Оның ішінде 50-ден астам бизнесменнің проблемалары талқыланып, шешіліпті. Сонымен қатар 100 шақты кәсіпкерге 400 млн теңге көлемінде көмек көрсетілген.
Бұдан бөлек 191 кәсіп иесіне заңды бұзғандығы туралы ескертпе жасапты. Оның 149-ы бірден өз қателерін түзетуге тырысқан.

Жеңіс Қазиев – СҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

 

– Жыл басынан біздің кәсіпкерлерді 700 рет тексерді. Мұндай шара барысында мемлекеттік органдар тарапынан жіберілген қателіктер де анықталады. Олқылықтардың жойылуына прокурорлар да атсалысуда. Мұндай әріптестік қос тараптың жасаған келісімдерінің арқасы. Бүгінде біз 38 мекемемен меморандум жасастық.

Өткен жылы біздің облысымызда кәсіпкерлік саласына 2 мыңнан астам тексеріс жасалған.

Айгерим Ержанова