Қоғам

Петропавлдағы жолаушы тасымалдайтын 5 қоғамдық көлік бағытын өзгертті

Осыған орай 5 қоғамдық көліктің жүру бағытына жаңашылықтар енген.

Галина Семенова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Біз қалалық әкімдікпен ақылдаса келе кейбір автобус бағытын жолаушылар сұраған елді-мекендерге ұзарту керек деп шештік. Бұл туралы 5 бағытта жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындар 1 апта бұрын, көліктердің ішіне жарнама-парақшаларын іліп, халықты хабарландырды.

Маусымның 20-нан бастап қала ішінде тұрғындарды тасымалдайтын 25М, 11М, 4М, 28А мен 7А бағытындағы шағын көліктер мен автобустар әдеттегі бағытын ұзартты. Мысалға, жұмысшы кенті мен ДСР ауданы аралығында қатынайтын 7А автобусы, ендігі ретте осы спорт сарайының маңындағы бірқатар көшелеріне бағытын жалғастырмақ.

Светлана Калюжная – «Петропавловск-Норд» ЖШС қызметінің басшысы:


– 7-ші автобустың бағыты айтарлықтай өзгертілген жоқ. Атап айтсақ, жолаушылар қазір қаладан ауданға бара жатқанда Горький көшесінен Спорт сарайы мен қажеттілік бойынша аялдамаларына тоқтап, кейін Жамбыл көшесіне бағыт алады. Ал ауданнан орталыққа беттегенде Исмаилов көшесіндегі “МЛД” аялдамасынан Жамбыл көшесіне, одан Парохирев пен Горький көшелеріне бет алады.

Бүгінде өзгеріске ұшыраған 5 бағытта 60-қа жуық шағын автобус пен қоғамдық көлік тұрғындарды діттеген жеріне тасымалдап келеді.

 

Бакыт Садуакасов