МТРА жаңалықтары

“Жас Отан” ЖҚ СҚОФ бірқатар кәсіпорындармен меморандум жасасты

Көбі жетім және ата-ана қамқорығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленген. Қалғандары туыстарының қамқорлығында. Биыл біразы арнаулы оқу орындарын тәмамдап, жұмысшы мамандықтарын меңгергендігі туралы құжат алады. Оларға бүгінде “Радуга” және “Основание” компанияларының өкілдері бос жұмыс орындарын ұсынуға әзір.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры:


– Компаниямыз негізінен құрылыс жұмыстарымен айналысады. Мектеп, балабақша, аурухана тағы да басқа ғимараттар тұрғызамыз. Сәйкесінше, бізге тас қалаушы, сырлаушы, монтаждаушы, темір ұстасы сынды мамандар керек. Жастарды қайта даялау курстарынан өткіземіз. Қазір біздегі кадрлардың біразы зейнет жасына жетті. Сондықтан олардың орнын басатын мамандар қажет.

Тұрақты жұмыс орнын іздеген маман Жас Отан ” ЖҚ-ның жергілікті филиалына келіп, өтініш жазып, түйіндемесін қалдырып кету қажет. Сол күнен бастап ол “Сәтті қадам” бағдарламасының қатысушысы атанады.

Мұса Танақұлов – “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ төрағасы:

– Биыл “Сәтті қадам” бағдарламасын жүзеге асырумен “Нұр Отан” партиясы айналысады. 3 жыл бұрын іске қосылған бағдарлама аясында жастар тағылымдамадан өтіп, тәжірибе жинақтаумен шектеліп келген. Ал биылдан бастап біз жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне, жас мамандарға жұмыс тауып беруге көмектесеміз. Әсіресе жетімдерге айрықша көңіл бөлу қажет. Өйткені осы санаттағы азаматтар ешкімге үміт арта алмайды.


Жиын барысында “Жас Отан” ЖҚ өңірлік филиалы “Радуга”, “Основание” компаниялары және “Даму” қорының өкілдерімен меморандум жасасты. Тараптар осылайша жастарға жұмыс тауып беру жауапкершілігін өз мойындарына алды.

Әділ Ақбидаев – Петропав машина жасау колледжінің 3-курс студенті:

– Биыл Петропавл машина жасау колледжін бітіремін. Білдекте темір жонушы мамандығын меңгердім. Алдағы уақытта “Сәтті қадам” бағдарламасына қатысып, өз мамандығым бойынша тұрақты жұмысқа орналасқым келеді.

Кездесуде жастар баспана мәселесін де көтеріп, оны “Сәтті қадам” бағдарламасына енгізуді ұсынды.

Берік Қасен