Білім

Оқушылар күн мен желден энергия алу жайлы жобаларын ұсынды

Жас зерттеуші құрылғыны ұсақ леголардан құрап қойған. Оның айтуынша көмір, ағаш, мұнай күндердің-күнінде таусылады. Ал, жел, күн көзі және су сарқылмайтын күш. Сондықтан осы табиғи құндылықтарды тиімді пайдалана білу керек.

Алина Хафизова, НЗМ студенті:


– Қазіргі уақытта энергия көздерін жиі пайдаланамыз. Бұл үлкен шығынын алып келеді. Ал мен ұсынып отырған жоба арзанға түспек. Мысалы күн көзі тегін. Мына құрылғы арқылы таңертеңнен кешке дейін электр желісін пайдалана аламыз. Ол күн энергиясын тартады. Болашақта іс жүзінде жасап көргім келеді.

Кейін осы оқу орнының студенті Фарит Мұратов “жел энергиясы” жобасын көрсетті. Мұның барлығын өзге білім ұяларынан келіп жазғы мектепке қатысып жатқан оқушылар тамашалауда. Соның бірі Уәлиханов ауданының оқушысы Саян Барлыбаев.

Саян Барлыбаев, М.Жұмабаев атындағы орта мектептің оқушысы, Ш.Уәлиханов ауданы:

– Мен осылайша инженерия мен роботатехниканы үйренгім келеді. Болашағымыз үшін керек.

Бүгінгі “Энергия үнемдеу – 21 ғасыр” семинарын жергілікті «Жасыл ел» жастар еңбек отрядының белсенділері ұйымдастырған.

Даулет Хамитов, СҚОФ «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтары республикалық штабының белсендісі:

– Бүгін осы мектептің оқушылары өз жобаларын қорғауда. Осы арқыоы балалар өз білімдерін толықтырады.

Ұйымдастырушылар осындай жобалар арқылы өскелең ұрпақ табиғат құныдылқтарын бағалап, үнемдеуді үйренеді дейді.

 

Акбопе Танирберген