МТРА жаңалықтары

Биыл өңірде “Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020” бағдарламасы арқылы 145 жоба қаржыландырылған

Өз ісін мықты білетін нәзік жанды үшін бұл шаруа түк те емес. Ол, міне азғантай ғана уақыттың ішінде жұмысты аяқтап та үлгерді. Іскер әйел ұстаған шелекте шамамен 5 литрдей ақ бар. Бұл саумалды ол үйдегі күбіге құяды. Бұдан кейін бие сүтін тәулік бойы пісіп, қымызға айналдырады.

Нұртазиндар әулеті 2015 жылдан бері қымыз сатумен айналысады. Былтыр үйдің үлкен ұлы Азамат “Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020” бағдарламасы арқылы өзінің жеке кәсібін ашқан. Мемлекет қолдауының арқасында ол 5 жылға жылдық мөлшерлемесі 6 пайызбен 3 миллион теңге рәсімдепті. Қаражатқа кәсіп иесі 15 бас жылқы сатып алған. Оның 4-еуі – сауылатын биелер.

Азамат Нұртазин – “Нұртазин” ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– Ауылды жерде тұрғандықтан жылқы ұстаған дұрыс. Өзіме бұл іс ұнайды. Биелерді күнделікті сауып, оның қымызын сатамыз. Бұл жұмыспен бүкіл отбасымызбен айналысамыз. Қымызды тұрақты сатып алушыларымыз да бар. Болашақта жылқының басын арттырмақпын.

Сондай-ақ, “Нұртазин” ЖК 2013 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 3,5 миллион теңгеге мына тракторды сатып алған. Қазір бұл ауыр техника көмегімен кәсіп иесі үйіне шөп шауып, отын тасиды.
Прибрежное ауылында мемлекет қолдауының арқасында өз ісін дөңгелетіп отырғандардың тағы бірі – Құрманғали Исмагулов. Азамат жуырда “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы арқылы мемлекеттен 3,5 миллион теңге алған. Қаражатқа ол етті бағыттағы 12 бас жылқы мен 5 қара теңбіл тұқымды ірі қара алған.

Өңірде “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау” АҚ арқылы өз ісін ашқандардың саны жыл сайын артуда. Мәселен, биылдың өзінде “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы арқылы 145 жоба қаржыландырылған.

Айдар Тулеев, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау” АҚ СҚФ директорының орынбасары:

– Жыл басынан бері “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының” облыстық филилалы кәсіпкерлерге 354 млн теңге берді. Бұл қаржы қазір толығымен иегеріліді. Өңірде М. Жұмабаев, Айыртау, Уәлиханов ауданының шаруалары басқаларға қарағанда өз істерін көптеп ашады.

Облыста 2013 жылдан бастап “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау” АҚ жалпы сомасы 2 млрд 581 млн теңгені құрайтын 1201 жобаны қаржыландырған.

 

Култанов Байболат