МТРА жаңалықтары

Ауылды жерлерде бизнестің дамуына қолдау

Қазір аталған бағдарлама аясында өңірдің 13 ауданында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр. Мұндай бекеттер “Қазпошта” АҚ-ның да 3 бірдей бөлімшесінде бар.

Яғни, бұрындары өз ісін ашуға ниетті тұрғындар қандай да бір кеңес алу үшін қалаға сабылса, енді “Даму” қорының мамандарымен өздерінде-ақ байланысқа шыға алады.

Мереке Сыздықов – “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ директоры:


– Тың бағдарлама арқылы жерлестеріміз бизнесті жүргізудің жан-жақты мүмкіншіліктерін қолдана алады. Айтар болсақ, тұрғындар бизнес-жоспарды әзірлеу, заңды сауалдар, бизнес-жобаларды құрастыру, бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша тегін кеңеске қол жеткізеді. Бағдарлама тұрғындардың уақытын зая қылмай, тиімді жұмыс жүргізуге сеп болады.

Енді бұл атқарылып жатқан жұмыстар жемісті болу үшін тиісті шараларды қолға алу керек. Осы оарйда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының жергілікті филиалы, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен “Қазпошта” АҚ-ы аталған жоба аясында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Евгений Глотов – СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы:


– Бүгінде өңірімізде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мол мүмкіншілік жасалған. Бұл меморандум “онлайн-кеңес” беру арқылы кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік қызметті, мемлекеттік қолдау құралдарын қолжетімді етуге бағытталып отыр. Ауылдық елді мекен тұрғындары қызмет көрсету орталықтарында өз ісін ашуға және оны жүргізуге қатысты жан-жақты ақпараттық көмек алады.

Осылайша ортақ істерін құжат жүзінде растаған 4 тарап алдағы уақытта бағдарламаның сәтті жүзеге асуын бағдарлап, мониторинг жүргізетін болады.

Бакыт Садуакасов