Білім

Жаңа оқу жылына дейін қалада 19 білім беру мекемесі жөндеуден өтпек

Болат Әбішев – “Доломит” ЖШС прорабы:

-Қазір №21-ші орта мектептің шатырында демонтаждау жұмысы жүріп жатыр. Шиферларды алып, кірпештерді қалау үстіндеміз. Кейін шифердің орнына профлист жабамыз. Жоспар бойынша шілденің 31-і тапсырысты аяқтауымыз керек.

Нысан 1956 жылы бой көтерген. Осы күнге дейін ғимарат 4 рет күрделі жөндеу көріпті. Кабинеттердің есіктері алмастырылып, мектептің кіре берісі жаңартылған. Тек шатыры соңғы 6-7 жылда жаңғыртылмаған. Міне, кезек оғанда келіп жетті.

Болат Сатвалдинов – №21 орта мектеп директоры:

-Конкурста “Доломит” фирмасы жеңіске жетті. Жұмыс көлемінің құны 8,5 млн теңге. Барлық қаражат облыстық бюджеттен бөлінді. Қазір жұмысқа кіріскен компания шатырымызды жаңартып береді. Сондай-ақ, алдағы уақытта мектептің ішінде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Және терезелерді жаңасына ауыстыруға жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеп жатырмыз.

Жалпы биылғы жылы Петропавл қаласында 19 мектеп жөндеуден өтеді деп жоспарланған.

 

 

Риат Шони