Қоғам

СҚО әділет департаменті мен “Ана үйі” ҚҚ арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

Ғалия Балтабаева – “Ана үйі” қоғамдық қорының Петропавл қаласы бойынша үйлестірушісі:

-Бұл меморандумның негізгі мақсаты – ана мен баланың құүқығын қорғау. Балалар үйіне түсетін балардың санын азайту. Енді қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік мекемелер күштерін біріктіріп бірлесе жұмыс жасайды деген сенімдемін. Өкінішке орай, бүгінгі күні әйел азаматтар заңнаманы толық білмеулеріне сәйкес балалары мен өздерінің құқықтарын қорғай алмай жатады.

Бұдан соң әділет органдарының мамандары бірден “Ана үйіне” барды. Бұл жерде олар өмірдің қиын жағдайына тап болған жас келіншектердің сауалдарына жауап беріп, оларға алғашқы кеңестерін де айтты. 4 айлық Элина есімді сәбидің анасы Бахытгүл Қажығалиеваны алимент мәселесі толғандырады.

Бахытгүл Қажығалиева:

-Бұл мекемеге мен екі ай бұрын келдім. Балам ол кезде небәрі 2 айға толған еді. Өзім заңды түрде некеге тұрған емеспін. Туыстарыммен де араласпаймын. Басымдағы проблемаммен осы үйге келдім. Қарсы алды. Енді, Әділет департаментінің қызметкерлері де көмек қолын созуда. Бұл біз үшін өте маңызды. Жас аналар өз құқықтарын білулері қажет.

Бұл үй 11 анаға шақталған. Бүгінде мұнда 2 бос орын бар. Сондықтан, көмекке мұқтаж жалғызбасты аналар үшін орталықтың есігі әрдайым ашық.

 

 

Айгерим Ержанова