Денсаулық сақтау

ҚР ДСӘДМ медициналық сақтандыруды енгізу бойынша өңірлерде түсіндіру науқанын өткізуде

Лариса Гордеева – Медициналық қызметтерге ақы төлеу комитетiнiң СҚО бойынша департаментi басшысының міндетін атқарушы:

-Заңда медицианлық қызметтің пакеті көрсетілген. Сондықтан, енгізілгелі отырған сақтандырумен қатар, бізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі де барлығына қызмет етеді. Оған жедел медициналық қызмет, санавиация, вакцинациялау, жоспарлы стационарлық көмек кіреді.

Жиында сөз сөйлеген Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Жұмағали Исмаилов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін үнемі сараптама жұмыстаыр жүргізіліп тұрады деді.

Жұмағали Исмаилов – Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, Астана қаласы:

-Қордың арнайы веб-сайты болады. Онда да бар ақпаратты алуға болады. Сондықтан, қаржыны белгісіз жерге салып жатырмыз деген ой туындамауы керек. Өйткені, ол әр адамға қолжетімді.

Министрлік өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуге жиылғандар өз сауалдарын жолдады. Солардың бірі жалғызбасты аналарға қатысты болды. Олар үшін әлеуметтік мемлекеттік жарнаны жұмыс беруші әлде мемлекет төлей ме деген сұрақ қойылды.

Жұмағали Исмаилов – Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры, Астана қаласы:

-Заңда тек көпбалалы аналарға ғана мемлекет жарна төлейді деп көрсетілген. Ал жалғызбасты аналар бұл категорияға кірмейді.

Мұндай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өткізілмек.

 

 

Магжан Ахмадина