Ауыл шаруашылығы

Петропавлда жыл басынан 112 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілген

Наталья Родионова – СҚО статистика департаменті баға статистикасы басқармасының басшысы:

-Теңгенің құнсыздануы азық-түлік бағаларының өсуіне әкеліп соқты. Біздің департамент мамандары халық көп тұтынатын 33 тауар түрінің бағаларын үнемі бақылауда ұстайды. Олар ет, сүт өнімдері мен жеміс-жидектер және көкеністер. Мәселен, өңірімізде ұн өнімдері 6,9%-ға, макарон өнімдері 3,2%-ға, ал жеміс-жидектер және көкеністердің құны 4,7%-ға артты.

Облыста азық-түлік бағасын тұрақтандыруға әр сенбі сайын ұйымдастырылып тұратын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің пайдасы мол. Мұнда сатылатын өнім қара базардағыдан әлдеқайда арзан. Жұмыртқаның 1 данасы 14-15 теңгеден саудаланады. Сондай-ақ, теріскейлік тауар өндірушілердің ет, сүт, көкеніс өнімдері де халықтың қалтасын қақпайды.

Алтынбек Абдуллаев – СҚО ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

-Қаламызда өтетін жәрмеңкелерге ауылдықтар мен жергілікті тауар өндірушілерде қатысады. Мәселен, бұл шарада “Атай-СК”, “Бескөл құс фабрикасы” сынды кәсіпорындар өз өнімдерін халыққа сатады. Осы ауыл шаруашылығы тауар өндіріушелірдің арқасында біз адамдар күнделікті тұтынатын азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап отырмыз.

Теріскейде дайындалған тауар түрлеріне еліміздің басқа аймақтарынан да сұраныс басым. Өйткені, табиғи дәрумендерге бай жергілікті азық-түліктердің сапасы жақсы, бағасы да арзан.

Алтынбек Абдуллаев – СҚО ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

-Солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Астана қаласында өтетін жәрмеңкелерге де қатысады. Одан бөлек аудандық жердегі тауар өндірушілер өз аймақтарында өнімдерін саудалайды. Тағы бір айта кететін жағдай біз осы жәрмеңкелер арқасында көкеністің, сүттің, жұмыртқаның, еттің бағасы бойынша еліміздің ең төменгі баға көрсеткішіне қол жеткізіп отырмыз.

Ал, өңірде соңғы алты айдың көрсеткіші бойынша қиярдың бағасы 44,6%-ға, орамжапырақтың 20,3%-ға және қызанақтың құны 10,2%-ға төмендепті. Былтырғы жылы өңірдегі тауар өндірушілер 195 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізген. Бұдан кәсіпкерлер 400-миллион теңгеге жуық қаражат тапқан.

 

 

Култанов Байболат