Спорт

Петропавлда велошосседан облыстық жарыс жалауын желбіретті

Данил Зубарев – жарысқа қатысушы:

-Мен велоспортпен 3 жыл бойы айналысамын. Қазір 99-шы нөмірде жарыс жолына шығатын боламын. Қобалжып тұрмын. Бұған дейін ірі сайыстарға қатысып көрмегенмін.

Үлкен топтағылар 20, ал кішілер 10 шақырымды бағындырулары тиіс. Мінекей, 13 жастағы Новруз Карабанов 5 км-ді артта қалдырып, мәре сызығын кесуге аттанып бара жатыр. Жылдамдығы сағатына 30 шақырым. Желмен қаншалықты жүйткіседе жүлделі орынға іліге алмады.

Новруз Карабанов – жарысқа қатысушы:

-Жарыс жолын жақсы жүріп өттім. Велосипедімде сыр берген жоқ. Барар бетте жеңілдеу болды, өйткені жел арттан. Ал енді мәреге келер жолда керісінше қиындау соқты. Дегенменде, сайысқа көңілім толды.

Бұл велошоссе жарысының қорытындысы бойынша республикалық сайыста өңір намысын қорғайтын облыс құрамасы іріктелетін болады. Қазір мұнда 90 велошабандоз бақ пен бабын сынауда.

Владимир Парахин – велосипед спорты бойынша ОРБЖСМ директоры:

-Маусымның 24-і күні ашық көпкүндік велосайыс өтеді. Оған республикадан да командалар қатысады деп күтілуде. Бұл Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесі үшін өтетін жарыс. Осы велошоссенің қорытындысы бойынша біз облыс құрамасын жасақтайтын боламыз.

Жарыс қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталады.

 

 

Риат Шони