Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда 2016 жылдың үздік түлектерінің салтанатты кеші өтті

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтардың білімімен өлшенбек. Бүгінде жастардың шетелде сапалы білім алуына барлық мүмкіндік жасалған.

ҰБТ-дің қорытындысы бойынша облыста орташа балл 79-ды құрады. Биыл “Алтын белгіге” үміткер 125 түлектің 56-сы ғана өз білімін тиісті деңгейде көрсете алды. Солардың бірі – Кішкенекөл №2 орта мектебінің түлегі Салтанат Мусаева. Бойжеткен екі бірдей шет тілін кәсіби түрде меңгеріп, бар білімі мен білігін ел игілігіне жұмсамақшы.

Салтанат Мусаева – “Алтын белгі” иегері, Кішкенекөл №2 орта мектебінің түлегі, Уәлиханов ауданы:

-Ата-аналарым мен ұстаздарымның үмітін ақтадым деп ойлаймын. Мен болашақта алған бағытымнан таймаймын.

Ал Нұрлан Ташмакановқа “Алтын бегі” төсбелгісін ау үшін небары 1 балл ғана жетпей қалған. Мектепті ерекше үлгідегі аттестатпен бітірген талапты жас
болашағын сәулетші мамандығымен байланыстырғысы келеді.

Нұрлан Ташмаканов – Тайынша №5 орта мектебінің түлегі, Тайынша ауданы:

-Маған ҰБТ-да достарым, туысқандарым үлкен қолдау білдірді. Оларға алғысымды айтамын. Бүгін мен үшін қобалжулы сәт. Келешекте мектепте алған білімді дұрыс пайдаланамын деген ойдамын.

Осы жылы өңірімізде 26 оқушы үздік аттестатқа қол жеткізді. Негізінде оған 56 талапкер үміткер болатын. Сондай-ақ, салтанатты жиын барысында халықаралық және республикалық олимпиадаларда бірнеше рет жүлдегер атанғандар да облыс әкімінің қолынан мектеп бітіру туралы құжат пен ақшалай сыйлық алды.

Шынында да, оқушының жеңісі – ұстаз еңбегінің жемісі екені рас. Сондықтан, ұстаздар қауымы өздерінің 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан оқушыларын қимайтыны жасырын емес. Бұл түлектер өз мектептерінің тарихында қалады. Сондықтан да 2016 жылдың үздік түлектерінің алғыстары мен тілектері жазылған “Жарқын болашаққа қадам” атты кітапты ізбасарларына салтанатты түрде табыстады. 2016 жылдың үздік түлектеріне ата-аналар да сәт-сапар тіледі.

Болсынай Бердібекова – ата-ана:

 

-Балаларымызға 11 жыл бойы жақсы тәрбие, білім берген ұстаздар қауымына алғысым шексіз. Түлектерге сәт сапар тілеймін!

Салтанатты шараның соңы концертке ұласты.

Берік Қасен