Денсаулық сақтау

Ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі

Гүлнар Иманбаева- облыстық перинаталдық орталықтың неанатолог-дәрігері:

-Әр қыз біреудің еркелеткен баласы. Ауырғанда соны көтере алмайды. Сондықтан біз олармен сөйлесіп,олардың жандарында жүріп жақсы-жақсы сөздер айтамыз. Қиыншылыққа шадау керек деп айтып, бала туғанша солардың қасында боламыз. Бала туғаннан кейін құттықтаймыз.

Дәрігерден біз сұхбат алып жатқанда тағы бір нәзік жандыны туу бөлмесіне әкетті. Сөйтіп, Гүлмира Көбеева өзінің екінші сәбиін дүниеге әкелді.

Шарананың салмағы – 3 келі 290 грамм, бойы – 54 см.

Гүлнар Иманбаева- облыстық перинаталдық орталықтың неанатолог-дәрігері:

-Ешқандай туа біткен аурулар жоқ. Оны қыз баланының шырылдаған дауысынан-ақ аңғаруға болады. Дені сау екенін. Анасымен бірге біз де қуаныштымыз. Тезірек жазылып кетіп, үйге оралуына тілектеспіз.

Ал Вера Мен Александр Шиллерлердің отбасында 1 сағат бұрын ұл бала дүние есігін ашты. Оның атын – Никита деп қойған.

Вера Шиллер- анна:

-Баламның салмағы 4келі 50грамм. Бойы-56 см. Жалпы барлығын дәрігерлердің айтқанындай істесең, жеңіл әрі қиналмайсың. Бұл жандар шыныменде өз жұмысын жақсы істейді. Ризамын. Осыған дейінгі ұлымызды да осы дәрігерлердің көмегімен өмірге әкелген болатынмын.

Босану бөлімшесінде орта есеппен күніне 15-20 сәби дүниеге келеді. Ал жылына мұнда 5 мыңға жуық бала туылады. Сондықтан аурухананың материалдық-техникалық базасы жақсы болғаны дұрыс. Айта кету керек, биыл орталыққа жаңа құрылғылар алу үшін 25 млн теңге қаржы бөлініпті. Тағы 92 млн теңге паталогия бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға бағытталған.

Жанна Мауытова- облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері:

-Осы бөлімшеде маңызды қондырғылар рентген аппараты және орталық стериллдеу құрылғылары орналасқан. Сондықтан жөндеу аяқталғанда корпусымыз жақсарып қалатындығына сенім мол. Өйткені мұнда 1991 жылы аурухана ашылғанан бері жөндеу жасалған жоқ.

Бүгіндері мұнда 300-ден астам адам еңбек етеді. Осы жексенбі күні олардың барлығы кәсіби мерекелерін тойламақ.

 

 

Магжан Ахмадина