СҚО медициналық препараттар шығаратын 5 дәріхана жабылуға шақ қалды

Денсаулық сақтау

15:08 15 Маусым 2016

Зәуре Утенова – кәсіпкер:

-Дәл қазір біз өзіміз дайындаған препараттардың сапасын тексере алмай отырмыз. Химиялық реактивтеріміз таусылды. Ал оны басқа өңірден сатып алуға құқымыз жоқ. Заңға қайшы. Біздің жұмысымыз қайта жүру үшін заңнан алынып тасталған бөлімді қайта еңгізулері қажет.

Мұндай мәселе денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіндегі шенеуніктердің «Дәріхана ішіндегі дайын дәрілік препараттарды бақылау» заңына біршама өзгертулер енгізгеннен туындапты.
Облысымызда медицина аппараттарын сатып қана қоймай, шығаратын 5 дәріхана бар. Олар тубдиспансер мен кардиологиялық орталықтың және емхана мен аурухана емделушілеріне қызмет көрсетеді. Егер де облысымыздың фармацевтикалық ұйым ассоциациясы мәселені уақытылы көтермесе, жоғарыда аталған мекемелер дәрілік препараттарсыз қалуы әбден мүмкін еді. Ал бұл проблеманы шешуге өңіріміздің кәсіпкерлер палатасы ат салысты.

Мұрат Жакенов – СҚО кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:

-Біз денсаулық сақтау ұлттық палатасымен байланыс орнатып, денсаулық сақтау комитетінің көмегіне жүгіндік. Ал маусым айында заңға енгізілген өзгертулерге қатысты жоба бұйрығы шықты. Осылайша, дәріханаішілік бақылау, өндіріс және дәріханаларға керекті бақылау материалдарымен қамтамасыз ету бойынша бөлім қайтадан қайтарылды.

Енді фармацевтерге тек күту ғана қалды. Егер де бұл жобаны министрлікте бекітіп, қол қойса, онда дәріханалар бұрынғы қалыпта жұмыстарын жалғастыратын болады.

Айгерим Ержанова

Бұдан әрі оқыңыз

Көктайғақтың салдары
Қала жастары қан тапсырды
Қарашаның 21-і – Халықаралық темекіден бас тарту күні
Облыстық аурухана жас мамандармен толықты
МӘМС жұмысы түсіндірілді
Жедел жәрдем қызметі жаңа көліктермен толықпақ
МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмі түсіндірілді