МТРА жаңалықтары

СҚО-да “Мен – тәуелсіздіктің құрдасымын” байқауы өтті

Айыртау ауданының кәсіпкерлік бөлімінің туризм бойынша бас маманы талмай ізденіп, ұзақ дайындалғанға ұқсайды.

Сауле Мажикеева, Айыртау ауданы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:

-Мемоекеттік қызметте 1.5 жыодан бері еңбектеніп жүрмін. Ұнайды. Тәуелсіздіктің құрдасы болғаным үшін де қуаныштымын.

Кейін қазылар алқасының мүшелері егемен елдің құрдастарына ҚР заңдары жайлы сұрақтар қояды. Одан соң ел тарихы мен құндылықтарын қаншалықты білетіндерін де тексермек. Ұйымдастырушылар осы бәсеке арқылы Отанымыз Тәуелсіз ел атанған жылы дүние есігін ашқан перзенттердің бүгінде мемлекет дамуына сүбелі үлесін қосып жүргенін атап өтті.

Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Бұл арқылы жастардың жұмысының сапасы артпақ. Кәсіби мамандарды анықтаймыз.

Өзінің біліктілігі мен білімін танытып суырылып алға шыққан мемлекеттік қызметкер ноутбукке қол жеткізбек. Өзге жүлдегерлерге де бағалы сыйлықтар табысталады.

 

 

Акбопе Танирберген