Білім

Назарбаев зияткерлік мектебінде жазғы мектеп өз жұмысын бастады

Курста мұғалім тек бақылаушы ғана. Яғни ол оқушыларға тек ақпарат пен дайын әдістемелік құралдарын береді. Алған білімдерін мұндағы ұл-қыздар практика жүзінде іске асырып отырады. Мәселен, өсімдік ДНҚларын тексеріп, қорытындылар жасайды.

Садат Демеубаев – Назарбаев зияткерлік мектебінің биотехнология және биология пәнінің мұғалімі:

-Бұл бағдарламада балалар ДНҚ молекуласын бөліп алып, өз көздерімен көреді. Және мұнай қалдықтарын ыдырату үшін арнайы бактериалар бар. Солардың көмегімен қалдықтарды ремедиацияға ұшыратады. Рекомендатты ДНҚ құрастырады.

Бір күндік сабақ 4 сағатқа созылады. Бұл уақыт ішінде химия кабинетіндегі мына 9 оқушы бір сабын дайындап үлгереді екен. Бұдан бөлек олар эфир майын да әзірлейді. Бұл сұйықтыққа небәрі лимон қабыршағы мен су және мынадай аппарат қажет.

Айдос Садвакасов – М.Жұмабаев атындағы педагогикалық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің оқушысы:

-Біз қол сабындар жасап жатырмыз. Бұл сабақта біө оның жасалу технологиясын, құрылысын білеміз. Бұл біз үшін өте қызық. Сабын майдан және сілттен жасалады.

Назарбаев зияткерлік мектебінбегі “Сайнс” жазғы мектебі екі апта бойы жұмыс жасайды. Бұл уақыт аралығында 80 оқушы осы жерде робототехника, экология мен ағылшын және т.б пәндер бойынша қосымша білім алмақ. Оның 60-сы тегін оқытылады. Ал қалғаны өз қалауларымен ақылы бөлімге келген.

 

 

Айгерим Ержанова