Қоғам

Жасырын алкоголь сатқандардың ісі заңмен қаралды

Азамат Жүсіпов, Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:

-Бүгін Петропавл тұрғынының заңбұзушылыққа жол беруіне байланысты әкімшілік іс қаралуда. Ол спирттік ішімдікті сатумен лицензия түгіл еш рұқсатсыз айналысқан.

Сот отырысына айыпкер келген жоқ. Таңертең 47 жастағы ер адамға қиын соғып, қан қысымы көтеріліп кеткен көрінеді. Бұған дәрігердің анықтамасы куә. Десе де істің қаралуына бұған дейін де көршісінің үстінен полицейлерге шағымданған куәгер келді. Бірақ, ол ол кісі сотта басқаша сөйледі, келтірген мәліметтері полицейлерге айтқан шағымымен сәйкес келмейді.

Светлана Кропочева, талап қоюшы:

-Менің екі кішкентай балам бар, ал көршімнің қызы олардан ересектеу. Ол менің балаларымды жиі-жиі ұратынды шығарды. Мен оны жөнге салуға үйіне барып едім, көршім өзіме қол жұмсады. Ашумен барып арыз жаздым. Одан бөлек, олардың спирттік ішімдік сататынын естідім, бірақ көрген емеспін, өзім сатып алған жоқпын.

Куәгер мен прокурорды тыңдаған сот талап-арызды қанағаттандырды. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан қала тұрғыны 15 АЕК көлемінде, яғни 31 мың 815 теңге айыппұл төлейтін болады. Тауары да тәркіленеді.

Алтынгүл Сәпиева, Петропавл қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы:

-Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2016 жылдың 5 айында еш тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 21 адамның үстінен 21 іс қаралды. Ал өткен жылдың сәйкес мірзімінде 17 іс қаралған болатын.

Статистика бойынша, үйінде алкоголь сататын бизнесмендердің дені – егде жастағылар. Олар заңсыз саудамен айналысуға зейнетақының аздығы себеп деп ақталуда.

 

 

Акбопе Танирберген