Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов шаһардағы емдеу мекемелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты

Олег Завьялов – облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Мердігер компания шаруаны орындауға 1-ші маусымда кірісті. Жөндеу жұмыстары 2 кезеңмен жүргізілуде. Бірінші кезекте 3,7 миллион теңгеге ғимараттың терезелері жаңасына алмастырылды.

Емдеу мекемесінің бас дәрігері облыс әкімін жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды. Бұл шаруаны орындау «СпектрСтройСервис» серіктестігіне сеніп тапсырылған.

Сәбилер патологиясы бөлімінде қазір туылғанына 3 ай толмаған 18 нәресте ем қабылдауда. Ал мынау – №2-ші қалалық ауруханасы. Жуық арада емдеу орнындағы сәулелі диагностика кабинеті кезекті жаңа қондырғылармен толығады.

Стены идут защитные?

– да. И окна тоже

Емделушілер үшін ауадай қажет бөлмені жабдықтауға жергілікті бюджеттен 7,5 миллион теңге жұмсалыпты. Ал емхананың қасбетін қалпына келтіруге 7 миллион 200 мың теңге бағытталған. Құрылысшылар айдың соңына қарай барлық шаруаны аяқтаймыз дейді.

№2-ші қалалық аурухана күніне 540 петропавлдықты қабылдай алады. Былтыр ғимараттың бірінші қабатындағы жылыту құрылғысы қалыпқа келтірілген.

Жеңіс Әбілев – №2-ші қалалық ауруханасының бас дәрігері:

-Жылуды бұрындары жақын маңда орналасқан облыстық кардиологиялық орталықтан алып жүрдік. Өткен жылы 5 миллион теңгеге арнайы қондырғы орнаттық. Соның арқасында қыста ғимарат іші жылы болды.

Ағымдағы жылы облыста 17 денсаулық сақтау нысаны ағымдық және күрделі жөндеуден өтеді.

Қабдырахман Сақтағанов – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-16-шы жылда медициналық мекемелер – 17 обьектіде жұмыс жасалып жатыр. Жергілікті бюджеттен 8 нысан, “Жол картасы” бойынша 9 обьекті жасалып жатыр. Екі нысанда жұмыс толық аяқталды.

Өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов жауапты ведомство жетекшілеріне әлеуметтік мекемелердегі жөндеудің сапалы әрі мерзімінде тапсырылуын қадағалауды міндеттеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

 

-Осы жылы әлеуметтік нысандарды жөндейтін мердігерлер шаруаны кестеге сәйкес орындап жатқандығына көз жеткіздік. Қажетті қаражат барлығына берілді, жұмыс күштері жеткілікті. Ағымдағы жылы біз жөнделетін денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының санын 2 есеге арттырдық.

Үстіміздегі жылы теріскейдегі емдеу мекемелерін қалпына келтіруге облыстық және ел қазынасынан 616 миллон теңге бөлінген.

 

Бакыт Сәдуақасов