Қоғам

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні

Динара Калуова – облыстық қан орталығы бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы:

-18 жасқа толған әрбір жеке тұлға донор бола алады. Дені сау, ешқандай қауіпті аурулармен ауырмаған адам донор бола алады. Донорлардың қатерлі ісік ауруларына, инфекциялық, қан қысымы ауруларына шалдығу көрсеткіші төмендейді.

Игі шарадан қалыс қалмайын деп келгендердің бірі – Бақберген Сәлімжанов. Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанты алғаш рет донор болуда.

Бақберген Сәлімжанов – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

-Қан тапсыру денсаулыққа пайдалы дейді. Екіншіден, менің қаным осыны қажет ететін адамдарға көмек болады деген ойдамын. Бүгін тобымызбен келдік. Біздің берген қанымыз біреуге пайдасын тигізеді деген үміттемін.

Қан тапсырып шыққан жандарға мұнда 530 теңге ақша төленеді. Тағы бүгінгі өткізілген шараға байланысты оларға шағын сыйлықтар табысталды. Жалпы орталық мамандарының айтуынша, қазір мұндағы қан қоры жеткілікті. Десе де, емдеу мекемелерін қамтамасыз етіп отырғандықтан, қан үнемі қажет. Сондықтан, сіздің бір тамшы болсын қаныңыз біреуге өмір сыйлайтынын ұмытпаған жөн.

 

 

Магжан Ахмадина