Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жолдарды жөндеу сапасы бақылауда

Асқар Жанкин- «Қазавтожол»ҰК» АҚ СҚОФ директоры:

-Ағымдағы жылы «Астана-Петропавл» бағытындағы тас жолдың 87 шақырымы, тағы «Жезқазған- Петропавл» бағытындағы жолдың 11 шақырымында жөндеу жұмыстары аяқталады. Ол Петропавлдан айналма жол. Сонымен биыл «Бурабай- Көкшетау-Петропавл» бағытындағы жолдың 143 шақырымында қалыпқа келтіру шаралары жүргізіледі.

Бүгіндері жолдарға деп бөлінген қаржының 2,9 млрд теңгеге жуығы игеріліпті. Республикалық бағыттағы жолдарда бүгіндері 400-ге тарта техника мен 600-ден астам адам еңбек етеді. Асқар Жанкиннің баяндамасынан соң жиылғандар оған сауалдарын жолдады. Солардың бірі жолдың сапасына қатысты болды. Өйткені соңғы уақыттары төселген жол бір жылдан соң, қармен бірге еріп кетеді.

Галина Семенова- қалалық мәслихаттың депутаты:

-Жол салған компаниялар егер оның сапасы нашар болса, жауапкершілікке тартылады ма? Ол келісімшартта көрсетілген бе?

Асқар Жанкин- «Қазавтожол»ҰК» АҚ СҚОФ директоры:

-Құрылыс аяқталған соң кемшіліктер анықталып жатса, олар әрине дұрыстауы қажет. Олар сол жолға 5 жыл жауапты болады. Бұл уақытта мердігер компания олқылықты өз қаржысына түзетуі тиіс. Келісімшартта олар банктік кепілмеде береді. Соған сай жолды дұрыстамаса, біз ол кепілдікті алып, басқа компанияларға береміз.

Жолдарды жөндеу мәселесі халық қалаулыларының да жіті бақылауында.

Петр Шарапаев- ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Парламентте «Нұр Отан» партиясы жанынан жол- көліктік инфрақұрылымды бақылауға арналған комиссия құрылған. Мен соның мүшесімін. Сондықтан өзімнің облысыма жауаптымын. Ылғи осы аралықта қатынаймын. Солтүстікке келген сайын құрылысшылармен де сөйлесмемін. Бүгіндері «Астана- Петропавл» бағытындағы жол жақсы қарқынмен жөнделуде. Осы жұмысты әлі де қадағалайтын боламын.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017-2019 жылдары аралығында Петропавл қаласындағы айналма өтпе жолдың 8 шақырымын қалыпқа келтіру, тағы Ресейге апарар бірнеше бағыттағы жолдарды жөндеу көзделген.

 

 

Магжан Ахмадина