МТРА жаңалықтары

Теріскейлік палуандар Азия чемпионатында топ жарды

Еркебұлан Боранғалиев, еркін күрестен Азия чемпионы:

-Өте қиын болды. Жаттықтырушыларымның арқасы.

Еркебұлан көрсеткен нәтиже Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасында жоғары бағаланды.

Руслан Есеналин, СҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:

-Бұл – СҚО үшін тарихи жеңіс. Өңірде алғаш рет еркін күреспен айналысатын спортшы алтын медальді жүлделеп, осындай жоғары деңгейге қол жеткізіп отыр. Осылайша спорт шебері көрсеткішін орындады.

Кейін, салтанатты түрде қос палуанға Қазақстанның спорт шебері кеуде белгісі мен куәлігі табысталды.

Азия чемпионатына бару үшін спортшыларды республикалық Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы қаржыландырған. Ол 2014 жылдан бері еркін және грек-рим күресі, таэквандо, дзюдо, бокстың дамуына ат салысып келеді. Бұл спорт түрлерін дамытудағы серіктестік жайындағы меморандумның аясында 2016 жылы облыстық бюджеттен 30 млн теңге қаржы бөлінген. Тағы 7 миллионды демеушілер беріпті. Бұл қаражаттың барлығы жарыстарға бару үшін жұмсалады. Жақында палуандардың алдында жауапты тағы бір сапар тұр. Спортшылар осы жүлделерімен бірге әлем чемпионатына лицензия жеңіп алған. Ол қыркүйек айында Парижде өтеді.

 

 

Акбопе Танирберген