МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов солтүсткқазақстандықтарға 700 дана кітап сыйлады

Айсұлу Қасым – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Абай Бөлекбайұлының «Дауылпаз баба Қожаберген жырау» атты еңбегін өзім оқыдым. Өңіріміздің тарихынан сыр шертетін өте көлемді кітап. 02:19/ Осы адамның патриоттық сезімін біз үлгі тұтуымыз керек деп ойлаймын.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов туған жеріне жиі келіп тұрады. Бұл жолғы сапарында генерал-лейтенант жерлестеріне өзінің жеке коллекциясынан 700 дана кітап тарту етті. Бұл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сыйым дейді ол.

Абай Тасболатов – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

-Бұрыннан жинап жүрген 700 дана кітапты сыйлап жатырмын. Бұл – менің байлығым. Оның ішінде қоғамдық-саяси әдебиеттер, әскери тарих, ғылыми монографиялар да баршылық. Бұл бірінші жастарға керек кітаптар ғой.

Айту керек, Абай Тасболатовтың коллекциясы 6 бөлімнен тұрады. Оның ішінде әлеуметтік-саяси, әскери-тарихи, көркем әдебиет пен өлкетану,монографиялық және ғылыми еңбектер бар.

 

 

Айгерим Ержанова