МТРА жаңалықтары

Петропавлда полицейлер Есіл өзенінде батып бара жатқан қала тұрғынын құтқарып қалды

Всеволод Кондратенко – куәгер:

-Осы кезде мен екінші полиция көлігінің келе жатқанын аңғардым. Түн болғандықтан олар бет алған жаққа жарық шамын түсірдім. Абырой болғанда, полицейлер жас баланы өлімнен құтқарып қалды.

Өстіп, дер кезінде көмекке жеткен 4 тәртіп сақшылары суға тұншығып бара жатқан өңір тұрғынын жағалауға шығарады.

Арман Тасжанов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік батальонының қызметкері:

-Зардап шегушіні жағаға шығарғасын, жедел-жәрдем қызметін шақырдық. Колледж студенті суық судың кесірінен біраз тоңып қалыпты.

Кейін оқыс жәйт орын алған жерге жедел-жәрдем қызметі келіп, жапа шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Анықталғандай, ол облыстағы колледждердің бірінде білім алатын студент болып шықты.

Осы полицейлерді көмекке шақырған Всеволод Кондратенко әлеуметтік желіге оқиға суреттерін жүктеп, көпшілік назарына ұсынуды жөн санапты.


Бақыт Сәдуақасов