МТРА жаңалықтары

Облыста туристік маусым ашылды

АЗАМАТ ҚҰСАЙЫН -«АРДАГЕР» ДЕМАЛЫС ОРНЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

-Біз демалыс базасы бойынша өткен тендерді жеңіп алдық. Отбасымен осы бизнесті қолға алып отырмыз. Өткен маусымда біз жөндеу жұмыстарын өткіздік. Қиын болды. Алайда, болашағы зор орындардың бірі. Туристер елімізіден де, ресейден де келіп жатыр. Жатын орында бар, енді асхана салып, вело және атпен қыдыру бағыттарын ашқымыз келеді.

Қазірігі таңда бұл жерде қонақтарға арналған 25 үй бар. Олардың бағасы қалта көтерерлік. Мұнда дем алуға туристер көршілес Ресей елінен жылда келеді екен.

ВАЛЕРИЙ ЯХОНТОВ, Омбы облысы,РФ:

-Мұндағы судың емдік қасиеті бар. Келгенімізге екі күн болды. Ауасы таза, табиғаты тамаша. Бұдан артық не керек? Отбасымызбен арнайы келдік. Өзімізге ұнап жатыр, табиғат аясындағы жақсы демалыс өткізудеміз.

Ал мынау аудандағы ең үлкен демалыс орны болып саналатын «Солнечный ВИП» базасы. Мұнда Имантау көлі мен тауының етегінде орналасқан көпке танымал кеме істептті дәмхана бар.
Бүгіндері облыста 50-ге жуық демалыс базасы бар екен. Оның 9-ы Петропавл қаласында болса, 1 Есіл ал қалғандары Айыртау ауданында орналасқан.

ҚҰРАЛАЙ ЖАРОВА – СҚО КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ТУРИЗМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

-Туристерді тарту үшін ондаған темір жол вокзалында табиғатымен көпті тәнті еткен Айыртау ауданы жайлы роликтер көрсетілуде. Алдағы уақытта Петропавл-Анталия-Петропавл бағытында ұшақ қатынасы орнамақ. Бұл да туризмді дамытуға сеп болады.

Осыдан кейін, салтанатты түрде туристік маусым ашылып, жиналғандар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

Бір күн бойы солтүстік өңірдің мақтанышына айналған Айыртау ауданында болып, Имантау мен Шалқарды көрген қонақтар, Отандық туризмнің болашағы зор деген пікірде.

-Казақстанда туристік сала енді дамып келеді деуге болады. Біз көптеген тамаша жерлерді араладық. Әр туристі қызықтыруға болады. Сондықтан мүмкіндік мол. Біздің Ресейдің туристері Қазақстанға қуана келеді.

 

Магжан Ахмадина