МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен ШҚО-да жүр

Сонымен қатар, аталған өндіріс ошағының жетістіктері мен кәсіпорынның электронды өнеркәсіпте пайдаланылатын конденсаторлы ұнтақтың шығу үрдісі таныстырылды. Бұдан соң, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері арасында аймақаралық келісім бойынша кеңес өтті.

Мұнда қос өңірдің кәсіпкерлері индустриалдық-инновациялық даму әлеуеті мен әріптестіктің негізгі аспектілері туралы сөз қозғады. Кездесу соңында аймақ басшылары әріптестік туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде, екі облыстың өкілдері арасында 14 екі жақты келісім жасалды.

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-Елбасының тапсырмасы – өңіраралық қарым-қатынасты нығайту. Осы тапсырманы орындау барысында Даниал Ахметовтың бастамасымен бүгін осында өңіраралық кездесу өткіздік. Жұмысымыз нәтижелі болатынына сенемін. Сауда айналымы көтеріледі. Нәтижесін 1 жылдан кейін көреміз.

Даниал Ахметов – ШҚО әкімі:

-Біз индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бағытында бірігіп жұмыс жасауды жоспарлап отырмыз. Осы тұста біз СҚО әкімімен екі өңір арасында 10 нан аса құжатқа қол қойылғанына куә болдық. СҚО делегациясы Үлбі металлургия зауытында болды. Мұнда өндірілетін өніммен біз СҚО қамтамасыз етуге әзірміз. СҚО жақсы білемін, бір кездері бұл өңірде жұмыс жасағанмын. Олардың кәсіпорындарының әлеуеті жақсы. Екі жақты әріптестіктің дамитынына сенімім мол.

 

 

Айгерим Ержанова