Ауыл шаруашылығы

Солтүстікқазақстандық аграрийлер егіс науқанын уақытында аяқтады

Қайрат Омаров – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Бүгінгі күні облыстағы шаруалар мемлекеттің қолдауы арқасында егіс науқанын толық аяқтады. Осы жылы мемлекеттен Солтүстік Қазақстан облысына дәнді және майлы тұқымдастарды себуге 20 миллиард субсидия бөлінді. Оған қоса, агроқұрылымдарға 65 мың тонна арзандатылған дизелдік отын берілді.

Көтемгі дала жұмыстарын агрохимиялық талаптарды сақтай отыра жүргізу үшін осы жылы қырман басында 14 мыңнан астам трактор жұмылдырылыпты. Соның ішіндегі 4371-і өнімділігі жоғары заманауи себу кешендері. Бұдан өзге, теріскейлік агроқұрылымдар мен шаруашылықтар 490 мың тоннадай тұқым қорымен де қамданса керек.

Қайрат Омаров – облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

-Егілген тұқымдардың өнімділігін жоғарылату мақсатында өңір аграрийлері барлық алқапқа 18 мың тонна минералдық тыңайтқыш септі. Ендігі кезекте шаруалар өздеріне тиесілі егіс аумақтарын пистицид және фунгицидпен өңдейтін болады.

Жалпы өңірімізде ауыл шаруашылығы саласында қазіргі күні 44 мыңдай қызметкер еңбек етіп келеді.

 

 

 

Бакыт Садуакасов