МТРА жаңалықтары

Қалық Қаһарманы Қайрат Үмбетовке петропавлдықтар үлкен құрмет көрсетті

Айдарбек Сапаров, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

-Қайрат Үмбевтың Бейбіт күнде жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды.Бүгінгі жастар, ұрпақ үшін үлкен өнегі.

ҚР ҰҰ 65-05 әскери бөлімінің штаб бастығы Қайрат Үмбетовты Отан Қорғаушылар күнінде Елбасы Н.Назарбаев қабылдап, борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін “Халық қаһарманы” дәрежесін берді. Кейін “Алтын жұлдыз” бен “Отан” ордені де кеудесіне тағылды.

Қайрат Үмбетов – Қазақстанның Халық хаһарманы, ҚР ҰҰ 6505 әскери бөлімі штабының бастығы, Қарағанды қаласы:

-Мен осындай награда алғаным үшін әрине қуаныштымын. Бірақ мен айтарлықтай ештеңе жасаған жоқпын. Отан алдындағы борышым мен күнделікті жұмысды ғана атқардым.

Жиынға қатысқан ҰОС ардагері Степан Башкиров Қайрат Үмбетовтың ерлігін жоғары бағалады.

Степан Башкиров, ҰОС ардагері:

-Артымызда сендей ержүрек ұрпақтың барына біз, ардагерлер қуаныштымыз. Полковниктің жауынгерді кеудесімен жауып, өз өмірін бәйгеге тігіп құтқаруы – көзсіз ерлік. Рақмет саған.

Нұрсұлтан Рахымбай кеше ғана лейтенант шенін алып Отан Қорғаушылар сапына қосылды. Ертең дипломын қолға алмақ. Жас дауынгер дәл Қайрат Үмбетовтей мен де Отан алдында мүлтіксіз қызмет еткім келеді дейді.

Нұрсұлтан Рахымбай, ҚР ҰҰ ӘИ курсанты:

-Мен де полковник Қайрат Үмбетов сияқты батыр болғым келеді. Егер алдымда дәл осындай сынақ тұрса көзжұмып міндетімді атқарар едім.

Өңірге жұмыс сапарымен ат басын бұрған полковник бұған дейін де еліміздің бірнеше қалаларында болды. Енді іс сапары Қостанай шаһарында жалғасын таппақ.

 

 

 

Акбопе Танирберген