Құқық қорғау органдары

Петропавлда жас полицейлердің республикалық слеті өтуде

Айдарбек Сапаров – облыс әкімінің бірінші орынбасары:

-Бұл шараның мақсаты жеке құрам арасында тәрбие жұмысын жетілдіру және оған серпіліс беру, кәсіби кадрлық деңгейді сақтап қалу. Сонымен бірге ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, озық дәстүрлерді қадірлеу болып табылады. Бүгінгі күні осы кісінің кәсіби шеберлерін даярлаған мамандар, еліміздің қлмыстық-атқару жүйесінде, қоғамдық тәртіпті сақтауда жұмыс жасап жүрген үздік тәлімгерлер де баршылық.

Кейін слетке қатысушылар ерлікпен қаза болған тәртіп сақшысының құрметіне арналған аллеяның таспасын қиды.

Бұдан соң, еліміздің әр аймағынан келген құқық қорғау қызметкерлері аллея ішінде шырша ағаштарын отырғызды. Жалпы өлкемізде алғаш рет өткізіліп отырған жас полицейлердің республикалық слетіне еліміздің 14 облысы мен өңір аудандарынан 100-ден аса тәртіп сақшысы жиналған.

Назерке Сәдуақас – Қарағанды қаласының ІІБ ақпараттық-сараптау бөлімінің кіші технигі:

-Полиция қызметкерлерінің ерлігін ұлықтауға бағытталған осындай аллея ашылып жатыр. Осыны біз секілді жас мамандарға көрсетіп, үйренсін, білсін деп. 2015-ші жылдан бастап Ішкі Істер органдарына қызметке тұрдым. 3 ай көлемінде теміртау қаласында оқуда болдық.

Екі күндік бағдарламада слетке қатысушы полицейлер қаламыздың көрікті жерлерін тамашалайды.

 

 

 

Бакыт Садуакасов