Қоғам

Петропавлда алғаш рет өткен қайырымдылық балдың қорытындысы жарияланды

Әсемгүл Есқожа – “Қоғамдық келісім” КММ басшысы:

-Қайырымдылық балдан 1 млн 804 мың теңге қаражат жиналды. Оның барлығы мұқтаж жандарға тең бөлінді.

Кездесу барысында ең әуелі қайырымдылық балдан жиналған қаржат тең түрде бөлініп, мұқтаж жандарға берілді. Анна Авдеюк Андрей Авдеюктің әпкесі. 14 жастағы інісінің миында дәрігерлер ісік тауыпты. Жедел түрде ота қажет. Ол үшін де қомақты қаражат керек екен.

Анна Авдеюк:

-Қазір інім Сантк-Петербург қаласында екінші операцияға дайындалып жатыр. Алғашқысы сәтті өткен. Қайырымдылық балынан оған көмек ретінде қомақты қаржы берілді. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз. Ризамыз, рахмет.

Жалпы шарадан түскен 2 млн теңгеге жуық қаржы 6 адамға үлестірілді. Енді ұйымдастырушылар Петропавлда келер жылы тағыда қайырымдылық балын өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

Риат Шони